88
Хикмет
баспа үйі
-2-
Адам баласы тек ет пен сүйектен ғана тұратын бір
жаратылыс емес. Ол - жаратылыс ғажайыбы, яғни
өнер ғажайыбы, Аллаһ Тағала ұлы затына қауышу
қабілетін, жаратылғандардың ішінде тек соған нәсіп
еткен.Жаратылысындағыабыройменқасиеттіқорғап
кемелденген адам иләһи фәйіздерге бөленіп, жараты-
лыс пен ғылыми көріністерге негіз, жақсылықтың
көзі сияқты ұлы мәнге ие болады. Өйткені Раббысы
оны
«ахсәни-тақуим»
, яғни еңтамаша жаратылыс
сипатына ие еткен.
Осындай нығметке ие болған адам фәни және ама-
нат болған болмысын күмән мен жәһилдік иірімі-
не батыруы, ашығырақ айтқанда, азап кебінін киюі
қандай аянышты?
Адамдар - нәпсі оғының алдына тігілген сынақ
нысанасы. Сол үшін әр жұтымда тұншығу, әрбір
жапырақ тамақта тұрып қалу ықтималын естен
шығармай, өмірінде жүрек сергектігімен өмір сүруге
мәжбүр. Өйткені, өмір фәни тіршіліктің санау-
лы күндерін қамтитын бір мүмкіндік күнтізбесіне
ұқсайды. Көрінбейтін бір қол күн сайын бетін жыр-
тып, ажал желіне жіберуде.