Previous Page  88 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 382 Next Page
Page Background

90

Хикмет

баспа үйі

«Раббыларының азабынан қррқады. Өйткені,

Раббыларының азабынан аман қалу мүмкін емес».

(Мәариж сүресі 27-28)

Құран Кәрим өзін Аллаһтың азабынан сенімді

сезінушілердің, тек қайғыға үшыраушылар екенді-

гін айтады:

«Олар Аллаһтың айла-амалынан қауіптенбей ме?

Тек сорлайтын қауым ғана Аллаһтың айла-амалы-

нан қобал-жымайды».

(Ағраф сүресі 99)

Иләһи рахмет пен көмектен үмітсізденгендердің

тек кәпірлер екендігін айтады:

«...Аллаһтың рахметінен үміт үзбеңдер. Өйткені

кәпір қауымынан басқасы Аллаһтың рахметінен

үміт үзбейді...»

.

(Юнус сүресі 87)

Мүмин жүрегі қорқыныш пен үміттің арасын-

да құлдық тебіренісімен дірілдейді. Қорқыныш пен

үміт арасындағы бұл тепе-теңдікті «бәйнәл-хауфи

уәр-рәжә» мәртебесі деп атайды, мүмин үнемі дұға,

әлсіздік пен мінәжат халінде болып, өлім келгенше

осы тепе-теңдік пен үйлесімдікті ұстағанда өте абай

болуы керек. Аят кәримада былай делінеді:

«...Аллаһқа қорқып және (рахметінен) үміттеніп,

дұға етіңдер. Әлбетте, ихсан иелеріне Аллаһтың рах-

меті өте жақын».

(Ағраф сүресі 56)

Сондықтан мүминдердің:ْ

�ُ�ْ�َ

و َا

�ِ

إ

�ُ��ُ�َ�َ �َ

ِو

�ِ��َ�ُ� �

�َ�َ �

ا

�ُ� �

ُا ا

��َ�َ

َا

��ِ��

ا

�َ� �

�َ

أ

�َ� َ

ن

�ُ�ِ�ْ�ُ�

«...Оныңрахметіненүміттеніп, азабынанқорқады.