Хикмет
баспа үйі
93
болады:
Бір кезде Ләйләға деген сүйіспеншіліктен мәжнүн
болған жігіт халықтың арасынан бөлініп, жалғыз
өмір сүре бастайды. Елді мекендерден шығып,
шөлде жыртқыш хайуандарға қосылады. Халықтың
мақтауы мен жиіркенішін бір шетке ысырып, ештеңе
естімейтін болады. Олардың сөйлегені мен үнсіздігін
айыра алмайтын халге жетеді. Бір күні одан, яғни
Мәжнүннен сұрайды:
– Сен кімсің?
– Ләйлә - дейді. Және сұрайды:
– Қайдан келдің?
– Ләйләдан - дейді. Тағы сұрайды:
– Қайда барасың?
– Ләйләға - дейді.
Мәжнүннің көзі мен көңілі Ләйләға деген
ғашықтықтыңкүштілігіненбарлықәлемдікөрмейтін
болды. Құлағы да Ләйләдан басқа сезді естімейтін
болды.
(Абдулкадир Гейлани, Фәтхур-Раббани, 284.6)
Мүмин Аллаһты ғашықтықпен танып, Оның жо-
лында фәни болған кезде жүрегі барлық жараты-
лыстардан босайды. Тек сонымен толады. Дүниелік
және адами қалаулардың өмірі бітеді. Ғашық көңіл
жалғыздық пен көпшілік ортасында тек Раббысы-
мен ғана бірге.
«Бұйырылған сияқты тура бол!»
(Һуд
сүресі 112)
иләһи әмірі бойынша, яғни дұрыс бағытта
бақыттылықты табады. Аллаһ Тағала мұндай құлын
терең ақиқаттарға ие етеді.