Previous Page  90 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 382 Next Page
Page Background

92

Хикмет

баспа үйі

нығметтерінің ләззаты мен рахатына батады. Салих

және ойланған адам дүние өмірін ғанибет санап; руха-

ни дәрежелерге жетуге қажырлық танытады. Ғапыл

тағдырмен күресіп, оған қарсы болады. «Неге», «Не

үшін» сұрақтарының тығырығынан шыға алмайды.

Салих және ойланған адам болса, хикметке қарап,

ақиқатта тереңдеуге тырысып шынайы рахатқа қол

жеткізу жолында, ризашылық халінде болады.

Кей адамдардың да бейне бір өздерінде ерекше

бір тасаввуфи тереңдік бар сияқты қимыл көрсетуі,

расында жүрек пен хал жөнінен жетпеген жоғары

мәртебелерді негізі мен сырларын білмей жатып,

босқа айтуы, Мәуләнә, Юнус пен сол сияқтылардың

мәртебесіне жетпей тұрып:

«Мен жәннатты қаламаймын, жәһәннәмнан

қорықпаймын.

Мен Хаққа ғашықпын, тек соны ғана сүйемін...»

сияқты жоғары перделі сөздер айтуы, жасанды

ғашықтық танытуы тіпті еш дұрыс емес.

Аллаһ жолында фәни болған адам жүрегінде

басқаға тән барлық жолдарды бекітеді. Тек Аллаһқа

баратын жолдарды ашық қояды. Оған деген махаббат

пен сүйіспеншіліктің шыңына жетеді. Абдулқадир

Гейланидің (құддисә сирруһ) сөзімен айтқанда,

осы халге жеткен ғашық құлға Раб сүйікті келе-

рі соншалық, ғарыштан жер түбіне дейінгі барлық

жаратылыс сүйіспеншілігін оның жүрегінен алып

тастайды. Тіпті, сол ғашық құл қайтіп дүниені де,

ақыретті де ойламайтындай етіп шығарады. Өзінен

де қауіп сезініп, тек Раббысымен ғана бірге болуды

қалайды. Тура Ләйлә мен Мәжнүннің жағдайындай