Хикмет
баспа үйі
83
шеңберімен қоршалған терең тәфәккүр иесі әрбір
адам, сырттай, іштей сезімдерін, шарасыздықтан
иләһи сүйіспеншілікпен біріктіріп, рухани кемелде-
нуді өзіне жол етеді. Аллаһ Тағала былай бүйырады:
«
Жерді көсілтіп кең жаратқан, онда орнықгы та-
улар мен өзен-дариялар жаратқан және жемістердің
әр түрін аталық-аналық етіп қос жүптан жаратқан
- Ол (Аллаһ). Түнді күндізге жамылғыш еткен де
сол. Міне осыларда ой жүгірте білетін қауым үшін
ғибраттар бар».
(Рағыд сүресі 3)
Раббысына құл, Расулына үммет болуды бақыт са-
найтындар, осы махаббат байланысында сап түзейді.
Бұл ұлы шеп иман деп аталады. Иман - көңілдеХақ
нұрыныңжарқырауынан және иләһи махаббаттың
жүректі толтырып тасытуынан тұратын қасиетті се-
зім. Фәйізді көңілмен әлемге көз салғандар сондай се-
зімге бөленетіні соншапық, назарларында үстіндегі
аспан бейне бір айбынды хрусталь люстра сияқты
иләһи сырлардан бір терезе ашады жер беті болса,
әрбір ағаш өзінің жапырақтарымен жалбарыныш
алақандарын ашып, қуанышты көңілмен Раббы-
сына жалбарынуда... Шөптер бейне бір Мүхаммеди
жамағат үшін жайнамаз, оның үстіндегі гүлдер
бақытты үммет ретінде толқуда. Құдіреттің ны-
шандары болғантаулар, иләһи құзырда тік тұруда.
Бұлттар кезеген фәйізбен берекет көзі ретінде аспан-
да жүзіп жүрген теңіз тәрізді. Жел иләһи аянның
ғайыб хабаршысы. Найзағайлар қорқыныш пен үміт
жарқылы.
КүркіреулерменжайларҚаһһардыңсалтанатының
пәрмені және ғапылдықтан оятатын жарғыштары...