Previous Page  76 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 382 Next Page
Page Background

78

Хикмет

баспа үйі

абыройымен өмір сүріп, болашақтың түйінін,

яғни өлім тылсымын шешіп, оны уахи шеңберінде

тәфәккүр етіп, ақиқатына жетуі керек. Өйткені әрбір

адамды өмірінде отты иірім түрінде қоршаған өлім,

ешайырмай, басқа түсетін еңқаттыболашақ ақиқаты

болғандықтан оныойлап, қажеті бойынша өмір сүріп,

тыныштыққа қауышу - адами мақсаттардың ең ба-

стысы.

Сондықтан адам баласы әлемді танып, ондағы

иләһи сырлар мен хикметтерді білу жолында зерт-

теулер мен тәфәккүрге (ойлауға) лайықты жол табу

үшін Құранның бағдарына мұқтаж.

Өйткені Құран Кәримсіз адамның санасы шын

мәнінде ақыл, түсінік және сана таныта білгенде

Аллаһ Тағала құлдарына қосымша көмек үшін не бір

пайғамбар жіберіп, не бір ұлы кітап түсірмес еді. Де-

мек, адамның жаратылысындағы (бойындағы) іздену

мен ойлау қабілетін лайықты түрде қолдануы үшін

осындай иләһи көмек қажет. Егер адам Құранды

оқымаса, мәселен, Аллаһтың «әхадият» және «сама-

дият» сияқты сипаттарын түсіне алар ма еді? Міне,

Құран адамдағы ойлау мен зерттеуге негіз болатын

барлық ақиқаттардың дариясына шыға білу үшін

сансыз насихаттар мен ескерту арқылы сол табиғи

қорға ең дұрыс және ең тамаша түрде бағыт береді.

Құран Кәримнің бізге ашқан тәфәккүр есігі

болмағанда, көптеген ақиқаттарды әрі түсінуден, әрі

түсіндіруденмақрұмқаларедік.СондықтанҚұранның

шексіз мағынасы туралы ойлануымыз шарт. Әрине,

бұл да белгілі мөлшерде болуы керек. Өйткені, Құран

Кәрим, «жас, құрғақ барлық нәрсе» өзінде бар екен-