84
Хикмет
баспа үйі
Күндіздер оның нұрының көрінісі түндер - сырлар
мен хикметтер жиыны... Қысқасы, әлем тартымды
аяттарға (белгілерге) толы бір көрініс әрі сырлар кі-
табы, иләһи есімдердің ісжүзіндегі көрінісі, бейне
бір үнсіз Құран... Құран - сөзге оранғвн әлем... Адам
болса, екеуінің түйініндегі парасат көзі және көрініс
дастаны...
Айша
(радиаллаһу
анһә)
Расулуллаһтың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүрек сезімталдығы-
на байланысты бір көріністі былай баяндайды:
«Бір түні Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) маған:
«Ей, Айша! Рұқсат етсең түнді Раб-
быма деген ғибадатпен өткізейін»
- деді. Мен:
«Уаллаһи, Сенімен бірге болғандыұнатамын, бірақ
сені қуантатын нәрсені одан да жақсы ұнатамын» -
дедім.
Сосын тұрып жақсылап дәрет алып, намазын ба-
стады. Жылап тұрды... Жылағаны соншалық, киімі,
мүбәрәк сақалы, тіпті сәжде еткен жері су болып кет-
ті. Ол осы халде тұрғанында Біләл намазға шақыруға
келді. Жылағанын көріп:
«Уа, Расулаллаһ! Аллаһ Тағала сіздің өткеңдегі
және болашақтағы күнәларыңызды кешірсе, неге
жылайсыз?» - деді.
Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Аллаһқа көп шүкіршілік етуші құл болмайын ба?
Уаллаһи осытүн маған сондай аяткәримәлертүсті,
оны оқып, ол туралы тәфәккүр етпегендерге нендей
өкініш!»
- деп, мына аят кәриманы оқыды: