Previous Page  109 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 278 Next Page
Page Background

-109-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

деген сөйлем осыған ишарат етеді. Сол үшін құлдың

Аллаһқа деген махаббаты ең кәміл түрде жан-дүниесінің

төріненорыналуыкерек.Ықыласпеншынайылықтанада

қалғанжалғанмахаббаттардың ешбір пайдасыболмағаны

секілді, мәңгі бір зиян мен өкінішке апарып соғатындығы

айғақ. Осыған байланысты Хазіреті Нахшәби бір қисса

айтады:

«Бір жас жігіт патша қызының есігінің алдына келіп,

оған ғашық болып қалғандығын айтады. Бұл хабар пат-

ша қызының құлағына жете салысымен есікке келіп, ол

жігітке:

«Мына мың дирхамды (ақша) ал. Енді қайтып маған

да, саған да зияны тиетін нәрселерді айтпа!» - деді.

Жігіт сөзінен бас тартпады. Қыз:

«Олай болса, екі мың дирхам ал!»-деген ұсыныс айтты.

Ақыры бұл сауда он мың дирхамға жеткенде әлгі жігіт

оны қабылдады. Бұл жағдайды көрген патша қызы:

«Сенмені қалайсүйесің?Екі көзіңақшағабітіп,көрмей

қалды. Мені менен басқаға ауыстырғандардың жазасы не

екенін білесің бе?»-деді. Сосын жалған махаббаты бар ол

жігіттің басын шауып тастатты. Бұл оқиғаны естіген бір

әулие кісі есінен танып құлады. Өзіне келгеннен кейін:

«Ей, адамдар! Қараңыздар! Жалған сүйіспеншіліктің

соңы не болды? Ал, Аллаһты сүйемін деп, бірақ басқаға

бет бұрғандардың басына ақыретте не келмек?». - деді.

ХазіретіМәуләнәбұлоқиғадағыжағдайдытөмендегідей

сараптайды:

«Адамға іздегеніне қарай құрмет көрсетіледі».

Ықылас – бүкіл амалдар үшін зәру болған сондай ұлы

нығмет, оған ие болмай, табысқа жету мүмкін еместігі

мына Хадис-шәрифте тамаша баяндалған:

«Адамдар құрдымға кетеді, тек ғалымдар ғана

құтылады. Ғалымдар дақұрдымғакетеді,тек ғылыммен