Previous Page  113 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 278 Next Page
Page Background

-113-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

және Құран оқыған кісі. Аллаһтың құзырына

шығарылады. Аллаһ оған берген нығметтерін түсінді-

реді. Ол да бұларды мойындайды. Хақ Тағала:

– Бұларға шүкіршілік ретінде не істедің? - деп сұрайды.

Ол кісі:

–Ілім үйрендім. Оны басқаларға да үйреттім. Сен үшін

Құран оқыдым - дейді.

Аллаһ (жәллә жәләлуһу):

–Өтірік айтасың! Сен білімді ғалым десін деп үйрендің.

Ал, Құранды «Қари» деп айтсын деп оқыдың. Иә солай ай-

тылды.

Кейін ол туралы әмір беріледі де, отқа тасталынғанға

дейін ет - бетімен сүйретіліп жүреді.

Үшіншісі Аллаһ Тағаланың мал-мүлік беріп байытқан

құлы. Аллаһ Тағала оған да берген нығметтерін айтып

шығады. Ол құл да бәрін мойындаған соң, Аллаһ одан:

– Олай болса, шүкіршілік ретінде не істедің? - деп

сұрайды. Құл:

–Жұмсалу үшін сен бұйырған ешбір қайыр жолын

қалдырмай, мал-мүлкімді тек сенің жолыңда ғана

жұмсадым - деп жауап береді.

Аллаһ Тағала:

–Өтірік айтасың! Сен оларды «жомарт» деген атаққа

ие болуың үшін жұмсадың. Расында да ойлағыныңдай бол-

ды - дейді.

Кейін бұл адам жайлы да әмір беріледі де, тозаққа

лақтырылғанға дейін ет- бетімен сүйретіледі»

.

(Мүслим,

Имәрә 152.)

Бұл хадис шәриф амалдардың Аллаһ құзырында

қабыл болуы үшін «ықылас» шарт екендігін өте айқын

түрде көрсетіп тұр және негізгі мақсат, Хақ Тағаланың

ризалығы болмайынша керісінше көріністе ғана Аллаһ