-117-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
пайдасынан бас тарту ерекшеліктерін иемденіп жүректі
кемелдендіру.
4. Қызмет көрсету арқылы бүкіл мақлұқтарға шын
көңілмен мейірімділік пен сүйіспеншілік көрсету.
5. Бұл иләһи аманатты, яғни денені адал рызықпен
қоректендіру. Себебі, адал азыққа көңіл аударылса
жүректер Аллаһтың әміріне бой ұсынады және де болмы-
сымыз жақсылықтың қайнар бұлағы болады.
Асылы, адам баласының зікір, рабыта, сұхбат, қызмет
және адал азықпен иләһи рахымдылықтың ең үлкен ту-
ындысы жаратылыс өнері болған жан-дүниеде көрініс
табатын әдеміліктермен сүйгеніне қауышу кеңістігінде
өмір сүре білу.
«Уа, Раббым! Сенің сырларыңның бір сыры болып
табылатын ықыластың шыңына біздерді де жеткізе
көр! Бұл сыйдың шүкіршілігімен саған құлшылық етіп
жүрген әулилердің жан-дүниесіндегі кеңістігінен біздер-
ге нәсіп ет!
Әмин!