Previous Page  119 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 278 Next Page
Page Background

-119-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ал, бұндай ойлау Аллаһ Тағаланың рахымдылығын,

құдіреті мен ұлылығын қабылдамауы болып табылады.

Нақты түрдегі үмітсіздіктің қарама-қарсысында

тұрған нақты түрдегі қауіпсіздік, қатерсіздік те Аллаһ

Тағала ұлы есімдерінің бірі болған «Қаһһар» (Қаһарлы)

деген сипатына мән бермеу немесе оның азабын менсінбе-

уі болып табылады.

Қорыта айтқанда, Аллаһ қорқынышын нақты түрдегі

үмітсіздікшекарасына алып келмей, сонымен бірге үмітті

де нақты түрдегі сенімділік астына жақындатпай, тепе-

теңдікті сақтай білу керек. Әйтпесе басымыздан өткен

жер сілкінісі сияқты, төтенше оқиғалар бұл тепе-теңдікті

сақтауды қиыншылыққа апарып соғады.

Бір мұсылман, «Жәннатқа тек бір кісі ғана кіреді!» де-

лінсе, «Сол кісі мен бе екен?», «Жәһәннамға тек бір кісі

ғана кіреді!» делінсе , ол, «Сол кісі мен бе екен?»-деген

рухани тебіреністе болуы керек.

Аллаһ (жәллә жәләлуһу) иләһи қорқыныштарды

құлдардың жүректеріне ықпал жасау, оларды нәпсінің

қалауларына, әуесқойлыққа бет бұрудан сақтау үшін

көктерден түсірген, жерлерден қопарған көптеген апат

пен пәлекеттер арқылы ескертіп әрі тәрбиелеуде. Бұл

апаттарды табиғи құбылыстың нәтижесі деп ойлау

қатты бір ғапылдық, және де өкінішті нәрсе. Белгісіз

көкжиектерден бөлініп келген апаттардың мыңдаған

кісілердің өлімі мен жаралануына жол ашуы сан жетпес

адамдарды бейшара етіп, жалғыз қалдыруы хикметсіз,

ғибратсыз емес. Олай болмаған жағдайда дүниеге келіп-

кетудегі иләһи жоспар мен ұқыптылықтың қисынды

мағынасын қабылдау әрі түсіндіру мүмкін болмай

қалады.

Бұл апаттар, ешкүмәнжоқ, әлемніңЖаратушысының

ұлылығы, құдіреті мен ескертулерінің көрінісі.

Хазіреті Мәуләнә айтады: