-121-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
иләһи еріктің күшін іштей құптайды. Бірақ, нәпсіне бе-
ріліп кеткендігінен ақылымен құптамайды да, әлемдегі
жүйенің негізгі заң мен қағидаларын «табиғат заңдары»
сөзімен, өзінен өзі пайда болған күш-құдірет бұлағы де-
ген жаңылыс түсініктеме беріп ғапылдық істейді. Алай-
да, бұл қағидалар мен заңдар – қысқаша «Әдетуллаһ»
(Аллаһтың әдеті), немесе «Сүннетұллаһ» (Аллаһтың ісі)
деп аталатын ақиқаттар.
Еш күмән жоқ, бұл әлем себептер әлемі. Себептердің
жаратушысыболғанАллаһ (жәлләжәләлуһу) бірнәрсенің
пайда болуын басқа бір себепке байланыстырған. Өйткені,
иләһи ерік себепсізден-себепсіз, тікелей көрінісін
тапқанда, ол көріністің өткірлігіне шыдау мүмкін емес,
әрі бұл әлемнің бір сынақ әлемі болу сипаты мәңгілік
қалмас та еді. Сондықтан нұрлыпарасат иелері себептерге
емес себептерді жаратқанға бет бұрады. Иләһи ақиқатты
тамашалап, түсіне алмағандар болса, себептер ішінде
әуре болып, әрі бері айналып жүреді. Тек физикалық
себептерге ғана де яғни, зілзәланың разломына тіреліп
қалады.
Хақ Тағала кәпір мен залымдарды жазаландыру үшін
кейбір табиғат құбылыстарын бір жүйеде жалғасып келе
жатқан иләһи жоспардың сыртында яғни, материалдық
жәнеруханиазаптарғабайланыстыраотырып,шындыққа
айналдырады. Яғни оттың, судың, желдің, және басқа да
табиғи құбылыстардың құрамындағы пайдалы сипатын
екінші орынға ысырып тастап, оларды бұзып жоятын бір
күшке айналдырады. Сол себептен табиғатта орын алып
жатқан апаттардың астарындағы тәңір қалауын немесе
тәңір рұқсатын көрмеу, бос және көрсоқыр бір бұрышта
тіреліп, қалу деген сөз. Бұл ғапылдыққа түскендерді ояту
үшін Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Ұмытпа! Бұл дүние, иләһи құдірет алдында бей-
не бір сабан шөптей. Иләһи ерік оның кейде мәртебесін