-127-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
емес, 11,4 бал күшінде болады немесе басқа да, күшті бір
себеп көрініс табар еді. Бұған Жапониядағы Көбе жер
сілкінісі мысал бола алады. Ол жерде алдын-ала әр түрлі
шаралар дайындалған. Үйлер ағаштан салынған еді.
Бірақ, өкінішке орай, жер сілкінгенде, газ құбырлары
жарылды да, үлкен өрт шығып, алты мың адам өртеніп
өлді. Бұған ешкім де кедергі бола алмады. Ақыры, бұл
20 секундтық жер сілкінісі Көбедегі адамдардың жылдар
бойы тұрғызған барлық еңбектерін жойып жіберуге жет-
кілікті болды.
Демек, біз құлмыз. Шаралар қолдануымыз керек.
Бірақ, бұл шаралар тағдырға қарсы күші келмейтінін бі-
луіміз керек. Қолданған шара тағдырға сәйкес болғанда
ғанапайдасынтигізеді.Бұлақиқатқакерісіншеқимылдау
- Сәмуд қауымы түскен құрдымға домалау деген сөз.
Сәмуд қауымындағылар өздерінен бұрынғы Аллаһқа
қарсы келулері мен азғындықтары себебінен азапқа ду-
шар болған «Ад» қауымының типыл етілуіне, иләһи азап-
тан басқа бір себепке байланыстырып, ғапылдықпен:
«Ад қауымы мықты ғимараттар салмағандықтары
үшін қырылып қалды. Өйткені, олар үйлерін құмның
үстіне тұрғызды. Ал, біз болсақ, мықты жартастардың
үстіне салдық. Жел, дауылдардан ешқандай зиян
көрмейміз» - деп, биік жартастарды ойып, шебер түрде
үйлер тұрғызған еді. Бірақ, олар да Ад қауымы сияқты
Раббыларына қарсы келіп, адасқандықтары салдарынан
азапқа душар болды.Астыларынан келген ащы дауыс
оларды қырып салды. Аллаһ Тағала былай баяндайды:
«Залымдарға бір ащы айғай естілді де, олар лезімде
серейіп қатып қалды».
«
(Жұрттары)
Олар бейне тіршілік кешпегендей болып
қалды. Біліп қойыңдар, Сәмуд елі Раббыларына қарсы
болды. Осыны да біліңдер, Сәмуд елі Аллаһтың рахымы-
нан ұзақ
(Сәмудтар құрысын!)
».
(Һуд, 67-68)