-130-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
қорқыныш тепе-теңдігі климатында сабырлылық, жан -
тәнімізбен Аллаһқа берілу және дұрыс жолдан таймай,
дұғаларымызбен көңілімізді илеуіміз қажет.
Мұсаның (аләйһиссәләм) ТурыСинада болғанжер сілкі-
нісіне орай Аллаһ Тағалаға еткен дұғасын қамтыған мына
аят дінді бекем ұстанудың және қалай дұға етілетіндігі ту-
ралы жақсы тәлім. Сондай-ақ керемет ғибратқа толы.
«Мұса біз белгілеген уақытта алып бару үшін елінен
жетпіс адам таңдады. Оларға үрейлі жер сілкінуі келе
бергенде, Мұса айтты: «Уа, Раббым! Егер өзің қаласаң,
оларды да, мені де әлде қашан-ақ жер жастандырар едің.
Арамыздағы ақымақтардың қылған қылығынан бола
бізге зауал келтіремісің? Бұл тек сенің сынағаның бо-
лар, осы арқылы қалаған пендеңді азғырасың, қалаған
пендеңді оң жолға беттетесің. Біздің иеміз
–
Өзіңсің, бізді
жарылқағайсың, есіргегейсің! Жарылқаушының ең аб-
залы
–
Өзіңсің!».
(Ағраф, 155)
Осы аят кәримадан байқалғандай, пайғамбарлардың
өзі иләһи сынақтан шеткері қалмай, әрқилы бәле апаттар
арқылы тәуәкелшілік, Аллаһқа берілу, Оған ризашылық,
Аллаһтан қорқу мен Оған деген махаббат сияқты
тақырыптарда бейне көңіл бақылауынан өткен. Ақыры,
барлығы «Хауф пен рәжа» яғни, қорқыныш пен үміт ха-
ліні ұдайы түрде өздерінде сақтай біліп, әрбірі Хақ Тағала
мадақтаған, құрметтеп, ілтипат көрсеткен таңдаулы,
ерекше құлдар тобының бір-бірден бас тәжі болды.
Пайғамбарлардың өз басын н сондай қайғылы оқиғалар
өткенде, біз орындайтын міндет - қандай халде болмасын
тыныштық пен қиыншылық және кең не тар уақыттарда,
«Хауф пен рәжа» сезімін тепе-теңдікте ұстап Аллаһ
Тағаланың ризалығы бағытында өмір сүру. Сондықтан,
ғибратқа толы түрде іс-жүзіне асқан оқиғалардан тиісті
сабақтар алып, салих амалдарға құшақ ашуымыз қажет.
Хикаяда былай айтылған: