-134-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Қолын созып, балдың дәмін татып, сондай рахаттанып
қалды да:
«Мұндай балды тағы қайдан табамын, мүмкіндігім
барда тағы біраз жейін» деді де, балдың ләззәтына батып
кетті.
Осылайша, ақыл-есінен айрылып, жан-тәнімен балға
берілген бейшара өзінің қорқынышты, қиын жағдайын
еш ойламай, құтылу жолын қарастырмады. Түйе құсы
қалай басын құмға тығып, айналасынан, ешнәрсе
көрмей, естімейтін болса, ол да дәл солай басын балға
көміп қойып, басқа ешнәрсе көрмейді. Әрине, оның бұл
селқостығы кеміріп жатқан тышқандарға, айдаһарға
және жыландардың торуылдап жатуына ешқандай әсер
етпеді. Ақыры, кеміріліп жатқан ағаш құлады. Селқос
жолаушы құдықтың түбіне құлап, шаруасы бітті.
Бұлқиссадағықұдықпенапаттардүниеөмірін,айдаһар
мен жыландар дүниелік, нәпсілік жаман сипаттарды, бал
болса алдамшы фәни ләззаттарды, ал ағаш өмірді, ақ пен
қара тышқандар болса, күндіз бен түнді, яғни өмірді кемі-
ріп жатқан заманды бейнелейді. Саяхатшы да осы шарт-
тар ішінде мына сынақ дүниесіне келіп, кететін бір жо-
лаушы. Егер селқостық көрсетсе, оны құрдымға кетуден
басқа ештеңе күтіп тұрған жоқ. Бұл жағдайда пенде үшін
ең маңызды нәрсе - бір күні өкініш тасқыны мен жылата-
тын әр түрлі ғапылдықтан сақтану, мәңгі рахаттық пен
бақытқа кенелтетін ұлы құтылуға жету үшін күш-қайрат
көрсету. Негізінде, адамның жаратылыс мақсаты мен
ішіндегі ахуалы осылай істеуді мәжбүр етеді.
Әр жаратылыстың бақыты өз жаратылысындағы
мақсатқа қарай өмір сүруі арқылы пайда болатындығы
мәлім. Бұл ғаламдағы ең үстем, ерекше жаратылыс та,
адам баласы болғандықтан, оның бақытқа жетуі - жа-
ратылыс мақсатынан хабардар болып, іс-әрекеттерін
соған қарап жүйелеп отыруы, бес күндік бұл жалғанның