Previous Page  137 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 278 Next Page
Page Background

-137-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Шындығында мінез-құлықтың нашарлауымен ар-

ождандағы терең ойлау мен рухани байлық та жоғалып

кетеді. Сөйтіп, дұрыс жолда жүру, яғни, діни өмірде

табанды болу қиындыққа барып соғады да, күнә істер

жанға жайлы самал тәрізді нәпсіге хош көріне бастай-

ды. Адам, сонда, өз айып, күнә істеріне соқыр болады.

Саусақтарын жара басқан кісі тамақ жегенде саусақтары

қалайша өзін тіксіндірмей әрі қасындағылардың тіксі-

ніп жатқандығын біле алмаса, дәл сондай, нәпсі билігінде

өмір сүріп жатқан ғапылдардың да қателері өздерін ма-

заламайды. Олар өздерімен тұрмай, айналасына тигізіп

жатқан зияндықтардан да бейхабар. Себебі, ғапылдық са-

уытына оранып алғандар, Хақ пен ақиқат алдында керең,

әрі соқыр болып қалады. Аллаһ Тағала оларды:

«Олар саңырау

(жақсылықты естімейді)

, мылқау

(жақсылықты

сөйлемейді)

,

соқыр

(жақсылықты

көрмейді)

...»

(Бақара, 18)

деп таныстырады.

Хазіреті Мәулана, Аллаһ ризалығынан алыс болып,

риямен (мақтаншақтық) кірленіп, ғапылдық пен өз жеке

мүддесі үшін аурудың қөңілін сұрауға барған ғапыл кісі

мен ғапыл аурудың өз араларындағы ожар әнгімені әзіл

деп былай түсіндіреді.

Түсінігі мол,жөн -жобаныбілетінбіркісі ғапылдықпен

жүрген бір керең досына:

–Көршің ауырып қалыпты, хабарың жоқ па? Барып,

көңілін сұрамайсың ба?, - дейді.

Ғапыл керең көңіл сұрау жоспарын құра бастайды:

–Мақұл, көршімнің көңілін сұрауға бардым. Мына

керең құлақпен ауру жас жігіттің не айтып жатқанын

қалай түсінемін? - деп ойлады. Сосын:

Ауру адамның даусы да әлсіз болғандықтан жай

шығады. Мынадай халде оның сөздерін ешқандай түсіне

алмаймын - деп ойласа да, артынша: