-138-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Ол менің көршім, шара жоқ, баруым керек! Әйтпесе
сөзге қалармын, қадірім кетер» - деген оймен баруға ше-
шім қабылдады.
Кейін былай жоспар жасады:
«Көңілін
сұрауға
барғанымда
еріндерінің
қыймылдағанын көрсем, не дегенін жобалап, түсінуге
тырысармын. Оған естімегенімді білдірмеймін. Ол онсыз-
да қиналып жатқандықтан түсіне алмайды».
Әуелі:
– Көрші жағдайың қалай? - деймін.
Ол да жауап ретінде міндетті түрде:
– Жақсымын! - дейді. Мен:
– Аллаһқа шүкір! - деймін де:
–Қандай тамақ ішіп жатырсың? - деп сұраймын. Ол:
– Шәрбәт суын немесе сорпа - дейді. Мен де:
– Ем болсын, ас болсын! - деймін. Кейін:
– Мақұл, қайсы дәрігер қарап жатыр - деп сұрармын.
Ол да:
– Пәленше дәрігер - деп жауап берер.
Мен де көңілін көтеру мақсатында:
–Оның қолы өте жеңіл. Оны шақырғаның қандай
жақсы болған. Ол келді дегенше, тәуір боламын дей бер!
- деймін.
Ғапыл керең өзінің қысқа ойымен осындай жоспар
құрып болған соң, ауру көршісіне барды. Жоспар бойын-
ша әуелі:
– Көрші, жағдайың қалай? - деді.
Қатты ауырып, мазасы болмай жатқан ауру жігіт
ыңырсып:
– Өте нашармын, өліп бара жатқандаймын -деді.
Бірақ бұны естімеген керең дереу жоспарлап келген