Previous Page  143 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 278 Next Page
Page Background

-143-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Әйтпесе, адам ғапылдықтан әсте құтыла алмай,

қолындағы бір шәугім суды бір үлкен мұхит деп ойлап

көптеген ақиқат пен нәсіптерге көздері перделі болып,

жан-дүниесі екі дүниеде де мақрұм болады. Мұндайлар

өмір сүріп жүрсе де, өлілер қатарында. Риуаят бойынша

Хазіреті Жүнейди Бағдади бір жаназа намазында бес рет

тәкбір алады. Жаназа намазының төрт тәкбірмен бітетін-

дігін білетін жамағат, бұл жағдайға таң қалып:

– Ей, Жүнейд! Жаназа намазы төрт тәкбірден артық

емес. Бесінші тәкбір қайдан шықты? - деп сұрайды.

Хазіреті Жүнейд:

– Алған төрт тәкбірім мәйіт үшін. Бесінші тәкбір бол-

са, бұл мәйіттен де ары «өлік» болып жүрген мына тірі-

лер үшін алдым. Бәлкім, естерін жиып, өлім келместен

бұрын оянар - деп жауап берді.

Әдемі кейіпте жаратылған бір құлдың ғапылдықпен

ғұмыр кешіп, әбеспен нәрселермен шұғылданып жүруі,

өмірін пайдасыз өткізуі адамзаттық қадір-қасиетке

қаншалықты оғаш нәрсе десеңізші?!

Хазіреті Һуда-и бұл оғаштыққа түскендерге былай дейді:

«Хақты қойып, теріске бейім мен махаббатың несі

?

Шайтанға бағынып, пітінәлік пен бәлелік неге

?

Құтылатып жолға түсіп бейбітшілік пен тыныштық

иесі бол,

Нәпсіге беріліп, әркімге көрсеткен ашу-ыза несі

?

Сүлейменнің мүлкі мен Ескендердің тағы қане

?

Білген болсаң бұларды, жалғанға қызыққаның неге

?

Нәпсіні есепке алу мағынасында айтылған бұл сөздерді

үнемі ойлап жүру керек. Бір салих кісінің өз досына

жазған бір хатында айтылған ақиқат неткен керемет әрі

терең ұғымды:

«Нәпсіні есепке алған табысты болып, ғапыл болған

өкінішке жолығады. Рахымдылық жасаған рахымдылық