Previous Page  139 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 278 Next Page
Page Background

-139-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

әңгімесін жалғастырып:

– Аллаһқа шүкір! - деді.

Ауру көршісінің мына сөздеріне қатты ренжіді де оны

түсіне алмай, ішінен:

«Демек, мына көршім, менің өлгенімді қалайды екен,»

- деп ойлады.

Бұдан хабарсыз керең екінші сұрағына көшті:

–Не ішіп жатырсың?

Онсыз да жаны жай таппай жатқан ауру ашуланып:

– У,Захар - деді. Кереңнің:

«Ас болсын!» деген жауабына одан сайын өкпесі, ашу-

ызасы көбейіп кетті. Өйткені, ауру салмақты емес еді.

Бұдан кейін керең:

– Сені емдеуге қайсы дәрігер келіп жатыр? Кім емдеп

жатыр? - деді.

Ашуы мұрнының ұшында тұрған ауру шыдай алмас

тан:

–Кім болсын, Әзірейіл келіп жүр! Қане, басымды аурт-

пай кет бұл жерден, - деп, айқайлап жібереді.

Бірақ ғапыл керең аурудың айтқандарын естіген

секілді, оның қандай халде екендігінен де бейхабар,

сұрақтарын інжу-маржандай тізі жатыр. Ақырын-

ақырын басын изеп қойып:

– Оның қолы өте жеңіл. Оның келгеніне қуана бер! -

деді де міндетімді атқардым-ау деген оймен өзінше қуана

отырып, есікке қарай бет алды.

Үйден шығып кетіп бара жатып:

«Жақсы болды, бір аурудың көңілін алдым, қадірім

артатын болды,» - деп ойлады.

Алайда, бұл ақымақ әрі ғапыл керең ұтылған еді.

Өкінішке орай, ол ғапылдығы себепті өзінше қадірім арт-

ты деп ойлап жатты.