Previous Page  145 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 278 Next Page
Page Background

-145-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

ӘУЕСҚОЙЛЫҚ, ҚЫЗҒАНШАҚТЫҚ ҚАНАҒАТ

Адам баласы жақсылыққа да, жамандыққа да бейімді

әрі қабілетті жаралған. Бұл әлемнің бір сын әлемі болу-

ына байланысты әрі иләһи ұйғарым мен тағдыр арқылы

шындыққа айналған бұл жағдай адам баласының жақсы

мен жаман, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы

мәнгілік келіп кетуі себебінен. Сонымен қатар жақсы мен

сұлулықта кемелденгендер, биік таулардыңшыңынажет-

кендер секілді сирек кездеседі. Сол себептен шығыстың

данышпандарынан Шәйх Сади жалпылама үкіммен:

– Адам өзі не нәрсе? - деген сұраққа:

– Бірнеше тамшы қан, мыңдаған қайғы! - деп, жауап

берді.

Мыңдаған қайғы... Өйткені доғарыла алмаған

әуесқойлық пен армандар, тоқтаусыз көксеу мен

қызғаншақтық секілді теріс бейімделулердің әсерінен

пайда болған қайғы-қасіреттен құтылған аздың азы

бақтиярлар осындай жалпылама үкімнен тыс қалғандар

болып есептеледі. Аллаһ Тағала адамдардың қоғам болып

жиналуын қалаған. Олай болуы үшін әркімге әр түрлі әрі

әр мөлшерде нығмет берген. Осылайша оларды бір-біріне

мұқтаж еткен. Адамзат тарихының әр дәуірінде көрінген,

пенденің сыналуы үшін керек болған бұл айырмашылық,

адам жаратылысындағы иләһи ұйғарымға сүйенген