Previous Page  151 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 278 Next Page
Page Background

-151-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Жоғарыда айтылғанСалебенің басынан өткен оқиғасы,

тағдырға ризалық көрсетпегенніңжәне дұғада болуға тиіс

әдептілікке көңіл бөлмегендіктің ақыры бақытсыздық

болатындығына жақсы мысал. Хазіреті Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да оның пешенесіне

жазылған иләһи тағдырды біле тұра иқтимал үмметіне

бір үлгі болсын деп Салебенің табан тірей сұраған бата-

сын берді. Сондықтан, біз де Хақ Тағаладан бір нәрсе

сұрағанда ол біз үшін қайырлы ма, әлде, қайырсыз ба

екендігі мәселесінде ақылымызға артығымен сеніп

айтқанымызда сіресіп тұра бермей, егер, Аллаһ Тағала

ұнатып, мақұлдайтын болса, біз сұрауымыз керек. Олай

болмаған жағдайда сый деп көрілген нығметтегі қаһарды

көре алмағандықтан басымызға шарасыз дерттер ке-

луі мүмкін. Дұға, садақа секілді бұлжымайтын, нақты

тағдырды өзгерте алмағанымен мұаллақ (нақты емес,

бекітілген) тағдырды өзгертетіні діни бір ақиқат. Бірақ,

бұл өзгертілудің пайдасы болып болмағанын шекті

ақылымызбеншешіп қоюымыз үлкен қателік. Дұға –Жа-

ратушы иеміздің бізге берген бір мүмкіншілігі, сыйы, тіп-

ті, бұйрығы. Бірақ, дұғаның мазмұнын жеке ақыл сезім-

дерімізбен толтырып қойсақ та, бұл мазмұнның міндетті

түрде қайырлы болу жайында сіресіп қалмай, Аллаһтан

«Ей, Раббым! Қайырлы болса ғана бағышта!» - деп, жал-

барыну қажет. Хазіреті Нашәби былай деген:

«Қайсыбір адамға достық киімі кигізілсе, еш дүние-

мүлкі болмаса да, бүкіл байлардың байы сол болады.

Қайсыбір адамның да, маңдайына дұшпандық белгісін

ұрып берсе, бүкіл дүние қазыналары оныкі болса да,

қайыршылардың қайыршысы болады».

Ибраһим-бин Әдһәм кедейшілігіне ренжіп тұрған кісі-

ні көріп, оған былай деді:

–Пақырлықты сен төлемін өтемей саған берді ме? Одан

неге қиналасың? Әлгі кісі сасқалақтап: