Previous Page  153 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 278 Next Page
Page Background

-153-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

Ашкөздіктің, адамның рухын құрдымға жетелей-

тін әуестермен иірімге айналдыруы Хақ Тағаланың

жәһәннамды суреттегендегі баянын еске салады.

«Ол күні тозаққа: «Толып, болдың ба?» - дейміз. Ол да:

«Тағы да бар ма?» - дейді.

(Қаф, 30)

Аллаһ Тағала ашкөздер үшін басқа аятта былай дейді:

«Оларды қоя тұр

(өз еріктеріне жібер)

! Жеп-ішіп, ой-

нап-күліп жүреберсін, құр үмітке алдана тұрсын. Олар

әлі-ақ,

(қылмыстарының зардабын)

білетін болады».

(Хижр, 3)

Қызғаныш тарихы адамның жаратылыс тарихын-

дай ескі. Тұңғыш қызғаныш Ібілістің Хазіреті Адамды

(аләйһиссәләм) тек топырақтан ғана тұрады деп, оны

көре алмауымен басталады. Өйткені, Ібіліс періштелердің

ұстазы болғанымен адамдар секілді нәпсі деген

пәлемен сыналатын жындар тобынан еді. Сондықтан

жаратылысындағы бұл бейімділіктің көрінісімен иләһи

сырды аңғара алмай, Хазіреті Адамның топырақ жараты-

лысына алдана отырып, өзі мен оның арасын салыстырды.

Сөйтіп, түтінсіз оттан жаралған Ібіліс, Хазіреті Адамның

(аләйһиссәләм) үстемдігін, ерекшелігін қызғанды.

Хазіреті Адамға періштелердің иләһи бұйрықпен

сәжде етулерінің, ондағы

Мұхаммеди нұрды

қадірлеу

қажеттілігінен болғанын біле алмады. Бұл қисса дүниеуи

ғылымның иләһи сырды, даналықты меңгеру үшін жет-

кіліксіз екендігін көрсеткен ең алғашқы, ең мықты да

маңызды мысал. Одан кейінгі Әбіл мен Қабыл қиссасы да

қызғаныштың адам өмірінде қашаннан бері бар екендігін

көрсететін мысал.

Қызғаныштың біз үшін тағы басқа бір ғибрат көрінісі

Юсуфпен (аләйһиссәләм) бауырларының арасында болған

тарихи оқиға. Юсуфтың (аләйһиссәләм) бауырлары Хазі-

реті Якуб сияқты ұлы Пайғамбардың балалары әрі оның

тәрбие аясында өсіп-өнгендер. Осыған қарамастан, өз