Previous Page  150 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 278 Next Page
Page Background

-150-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

зына ғана келетін болды. Көп кешікпей Жұма намазын

да ұмытты. Оның жағдайынан хабардар Аллаһ Расулі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Салебеге обал болды!..

- деді.

Салебенің ғапылдығы мен қараңғылығы бұл істегенде-

рімен шектелмеді. Зекет жинаушылар келгенде:

«Бұл сіздің істеп жүргендеріңіз тонаудың тап өзі ғой!»

деп, бұдан бұрын беремін деп, уәде қылған нәрселері бы-

лай тұрсын пақыр кедейлердің аятпен бекітілген ақысын

(зекет) берудің өзінен бас тартты. Сөйтіп, мунафиқтар

қатарына қосылды. Бұл жағдай аят кәримада былай

баяндалған:

«Олардың

(мунафиқтардың)

кейбірі: «Егер Аллаһ біз-

ге өз кеңшілігінен ризық берсе, әрине, садақа беріп, игі

адамдардан болар едік» - деп Аллаһқа уәде берді».

«Бірақ, Аллаһ оларға өз кеңшілігінен нәсіп еткен

кезде, олар бұған сараңдып істеп, сөздерінен тайды,

жалтақойлық».

(Тәубе, 75-76)

Өзінің ақымақтығынан Хазіреті Пайғамбардың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тілін алмай, өз бетін-

ше іс-әрекет жасап, жексұрын әрі өкінішті бір халде

бақытсыздық пен үрейлі нәтижеге душар болған Салебе

дүниенің өткінші байлығына алданып, мәңгіліктің ке-

дейіне айналды. Үлкен бір өкінішпен өліп бара жатып,

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мына сөздері бейне құлақтарында шыңылдап тұрған еді.

«Шүкірін орындай алатын аз мал шүкірін орындай

алмайтын көп малдан қайырлы...»

Бірақ осы ескертуге құлақ аспаған Салебе пәни

байлықтың өзін жексұрын қылған иірімдері ішінде біт-

пейтін бір азаппен қиындыққа душар болып, жан берді.

Бақыт деп ойлаған қысқа бір сәт пен аз бір мал-мүлікке

мәңгі бір бақытты ақымақша ауыстырды.