Previous Page  152 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 278 Next Page
Page Background

-152-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Мырзам! Пақырлық сатып алынады ма екен!? - деп

сұрады. Ибраһим бин Әдһәм былай жауап берді:

«Иә! Мен пақырлықтың қадір-қасиетін көргенімде,

онысатыпалуүшінқуана-қуана өз ризалығыммен«Бәлх»

мемлекетін бердім...»

Бұл жерде айтылған нәрсе – нәпсінің әуесқойлығын

жойып, қанағат байлығын қолға түсіру. Сабыр сақтаған

пақырлар мен шүкіршілік еткен байлар Аллаһтың

ризалығы тұсында тең.

Адам баласындағы әуесқойлық хадис шәрифте былай

баяндалған:

«Адам баласының алтынға толы екі ойпаты бол-

са, үшіншісі тағы болса екен дейді. Оның көзін тек

топырақ қана тойғызады. Аллаһ (жәллә жәләлуһу)

тәубе етушілердіңтәубесін қабылдайды».

(Бұхари Рикақ,10;

Мүслим, Зекет 116-119)

Ашкөз адам дүниеден айқын үш сипатымен өтеді:

1. Жинағандарына тойып, қанағаттанбай кетеді.

2. Армандағандарына жете алмай көз жұмады.

3. Көңіл, парасаттылық пен рухани байлықтан

мақұрым қалып өтеді.

Ашкөздің көңілін жаулаған қанағатсыздық ол жер-

ге иләһи махаббат пен ықыласқа аз да болса орын

қалдырмайды.

Өкінішті-ақ!

Осындай

адамдардың

өмірлері дүние-мүлік жинап, жүк тасушылықпен өтіп

кетеді. Өмірлері бір соқыр теке ойынына айналады да,

аяғы өкінішпен бітеді.

Ашкөздің тоя алмаған бұл дүние өмірі жайында

Назиғат сүресінің 46 аятында:

«Олар қияметті көрген күні

(өздерін)

дүниеде бір

кеш немесе бір сәске ғана тұрғандай сезінеді» -

деп,

баяндалған.