-158-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
АШУДЫ БАСУ
Иләһиәдеміліктержүйесі халінде дүниеге келгенадам-
зат нәпсісінде жасырын пасықтық, күнәқорлық және ру-
ханиятында орын алған тақуалық бейімдерімен оңаша
қалдырылған, сөйтіп, адамжақсылыққа да, жамандыққа
да бейім.
Сондықтан нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазалап, мінез-
құлықты әсемдеу арқылы жаман сипат пен бейімділік-
терді түзеп, рухани сипаттарды кемелдендіру қажеттілігі
бар. Бұл тұрғыда құлдың ең алдымен дұрыстайтын
қасиеті – ашу. Себебі, ашу – жаман мінез-құлықтың ең
қорқыныштысы, апаты, ең күштісі. Ақыл-есті билеп-
төстеп алатын қаһардың басы. Ашулы адам – жан дүниесі
«кек, өш, кекету, жындану ұрыс-жанжал, тіпті өлтіру»
сияқты жамандықтарға толы бір бәле.
Өмір кітабының ашу-ыза бөлімі – бір жан түршігерлік
қайғылы тарих. Бұл қауіп-қатерден құтылудың жолы
– ешкімге жақпайтын әрі ерсі көрінетін ашу кезін-
де бауырлық пен сабырлық күшін пайдаланып, тепе-
теңдікті бұзбастан, тыныштық сақтау қажет. Әбу-Дәрда
(радиаллаһу анһу) Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм):
– Маған, мені жәннәтке жетелейтін бір нәрсе үйрет! -
деп өтінді. Әлемнің мырзасы: