Previous Page  162 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 278 Next Page
Page Background

-162-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

– Қане бара ғой. Сені Аллаһ ризалығы үшін азат ет-

тім!.. -деді.

Бұл оқиға Құран Кәрім мен Хазіреті Пайғамбардың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мінез-құлқынан үлес

алудың керемет бір мысалы.

Бірақ мұны айта кету қажет. Ашу-ыза егер нәрсеге

ашу, нәпсі мен шайтани тұрғыдан болса, ол жаман,

айыпталған. Егер ол иләһи тұрғыдан яғни Аллаһ жо-

лында немесе тек Аллаһ үшін болса, онда бір ерекшелік,

абзалдық болып есептеледі. Яғни дін, иман, ахлақ пен ру-

ханиетке қарсынәпсі меншайтандық толқындар мәселесі

болғанда селқостық көрсетіп, көңіл аудармай қоя салу,

ашуды басу категориясына кірмейді. Керісінше осындай

әрекет бастан-аяқ бүтіндей ғапылдыққа жатады. Себебі

иманның бір таразыболған«Хуббун-филлаһ», яғниАллаһ

үшін сүюдің қарама қарсысында сол иманның таразысы

ретінде «буғду филлаһ» - Аллаһ үшін ашулану бар. Аллаһ

ризалығы үшін ашуды жеңу маңызды болғаны сияқты

Аллаһ үшін ашулану да маңызды.

Сонымен қатар ашудың осы екі тұсы арасындағы

жұқалықты нақты түрде ажыратып, соған қарай іс жасау

өте қиын. Мұны ажырата білу үшін үлкен парасаттылық,

жан-жақты жетілу мен көңілдің нәзік болуы керек.

Сондықтан Құран Кәрімдегі «ашуларын баса алатындар»

сөзін, «ашуларынбақылағандар»дегенмағынада түсінуге

болады.Бұл мәселе бойынша ең тамаша үлгі Хазіреті Әли

(радиаллаһу анһу) тарапынан берілген.

Бір соғыста Хазіреті Әли бір дұшпан солдатын асты-

на басып алып өлтірейін деп жатыр еді. Өлім алақанына

түскен ол адам амалсыздан Хазіреті Әлидің нұрлы да,

мүбәрәк жүзіне түкіріп жібереді.

Әһлі Бәйттің (Пайғамбар жанұясы) батыр мүшесі,

Аллаһтың арыстаны болған Хазіреті Әли үшін жиһад

алаңында астындағы кәпірдің басын жұлып алу, негі-

зінде түк емес еді. Бірақ ол «нәпсілік турғыдан ашула-