-163-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
нып қаламын ба?!» деп ойлады да, дереу тоқтай қалып,
қолындағы Пайғамбар сыйы қылышы – зұлпықарды
жерге қойып, дұшпанын өлтіруден бас тартты.
Жерде мүшкіл халде, алдындағысының соңғы шабуы-
лымен өлімін күтіп жатқан адам, бұл жағдайға қатты таң
қалды. Себебі, ол істеген жаман ісі нәтижесінде Хазіреті
Әлидің бұрынғысынан да, қатты үлкен ашу үстінде өзін
жойып жіберетінін ойлап жатқан.
Бірақ, ойлағанындай болмады. Қиялы да жетпес бір
ақиқатты көрді. Ислам әрі көңіл қаһарманы болған Ха-
зіреті Әлидің істегенін түсіне алмаған дұшпаны таң қала
отырып сұрады:
–Ей, Әли! Мені тап өлтірейін деп тұрғанда неге бас
тоқтаттың? Өлтіруден неге бас тарттың? Не болды, қатты
ашуыңды басып, түсініксіз тыныштыққа орандың?!
Найзағай секілді жарқылдап тұр едің, бірден дауыл
тоқтап, тынышталған ауа секілді тоқтай қалдың!.. Хазі-
реті Әли былай деді:
– Мен Хазіреті Пайғамбар маған сыйлаған бұл
зұлпықарды Аллаһ жолында көтеремін. Кәпір мен
мунафиқтардың басын Оның ризалығы үшін аламын.
Бұған ешқашан өз нәпсімді араластырмаймын. Себебі мен
–Аллаһтың арыстаны, әрі Оныңқылышымын, нәпсімдікі
емес... Сен жүзіме түкіріп, мені ашуландырмақшы әрі
қорламақшы болдың. Мен сол сәтте ашулансам, Мүминге
әсте жараспайтын бір қылықпен, яғни, нәпсіме бағынып,
өте жаман бір себеппен сені өлтіретін едім. Алайда, мен өз
абыройым үшін емес, Аллаһ үшін соғысып жатқан едім.
Сөйтіп, бұл ұлы да мадақталған мінез бен иман көрінісі
алдында әлгі дұшпанның көңілі оянды. Артынша достық
сырын түсінді де Хазіреті Әлидің мүләйімдігінен, хош
көрушілігінен, мінезі, кешірімділігінен, мейірімділігі-
нен, жұмсақтық пен нәпсіге қарсы тұра алатындығынан