-165-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Мені қойып, оның шуағына бет бұрдың
?
Оның құрметіне
менің жанымды қимадың!»
«Ей, Әли! Сен көрген нұрдың шуағы менің ішіме түсіп
тұрған секілді. Осы сәтте сені бұл дәрежеге көтерген
иман мен ұлы мінез-құлықты түсінген секілдімін. Жа-
ным қазірге дейін ешқашан білмеген, еш дәмін татып
көрмеген сезімге толды».
«Менің бетпақтығыма қарсы сен сондай бір пейіл
көрсеттің, қылышыңдытамағыма тақаптұрып, маған
өмір сыйладың. Сөйтіп, өлі рухымды да тірілттің!»
«Ей, соғыс алаңының жеңілмейтін қаһарманы! Мар-
хабат, халіңнен хабар бер! Бұл қандай ахуал
?
»
«Ей, Әли! Айта бер, бұл Хақтың сыры екенін білемін.
Мүләйімдік қылышың, жанымды парша-парша етті.
Біліміңнің суы болса, көңілімнің топырағын тірілтті!»
«Айта бер! Ей, Аршы-Ағланы тамашалап тұрған
ұлы адам! Дәл қазір Аллаһ құзырынан не көріп тұрсың
?
Түсіндім, сенің көздерің мен көңілің ғайыпты түсінуді
үйренген. Ал, басқалардың көздері бұны көрмейтін көр
болған».
«Ей, Аллаһтың арыстаны! Сенің бұл халіңнен көңілім
мен жан-дүниемде бір жалын пайда болды. Демек, сен жі-
гіттік пен батырлықта теңдессіз болғаның сияқты
жан әлемінде де теңдессізсің!»
«Ей, мына бетпақ көңіліме бағышталған көркем
тағдыр! Ей, Әли әл-Мұртаза! Бұл сырды түсіндір! Сен
ғылым қаласының есігі деп, танылғансың. Сол есігіңді
маған аз да болса аш!»
Хазіреті Әлидің көркем мінез-құлқы мен ерекшелігі
алдында сасқалақтап, таң қалған бейшара өз көзімен
көрген шындықты тереңінен түсіну үшін руханият
қаһарманына, талаптарын былай жалғастырды.