-168-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Бұл сөздерден кейін һидайәт нұрымен қадірленген
бақытты адамға Хазіреті Әли былай деді:
«Міне енді қауіп-қатерден құтылдың. Әуелі қадірсіз,
жай ғана тас едің. Қазір ақиқат әл-иксирімен қымбат
асыл тасқа айналдың».
«Күпірлік пен оның тікендерінен құтылдың. Бұдан
былай Хақ бақшасында раушан сияқты жайнай бер!»
«Ей, иләһи нұрға бөленген! Енді сен менсің, мен сен-
мін. Яғни сен де бір Әлисің. Олай болса, мен Әлиді қалай
өлтіремін
?
»
«Хазіреті Омардың Расулуллаһты өлтіру ниетінің
оны тұп-тура иләһи бақшаға бұрып жетелеуі сияқты,
сенің де әрекетің рухыңды алып, бір пәсте һидайәт аспа-
нына (тура жолға) жеткізді. Күпірлік тікендері ара-
сынан ысырылып шыға алған иман гүліне айналдың!
Қандай бақыттысың!»
Хазіреті Әли өзінің бетіне түкіріп жіберген адамға не
деген керемет ұлы есік ашты. Өзін өлтіргісі келген кісіге
өзгеше өмір бағыштады. Өзіне қиындық пен азапты бергі-
сі келгенге, шынайы бақытты лайық көрді. Алды мен ар-
тынан тұнғыйық ашқысы келген адамға мәнгілік пен сый
аспанына жеткізетін бір ұлы көпір міндетін атқарды. Өзі
жайлы жаман ойлаған бір кәпірдің тікендерін раушан-
мен қарсы алды. Күйгелек бір көңілді аяқ-қолына, бетіне
батқан тікендерге көңіл аудармастан ұлы да кең мейірім-
діліксуыменсуладыда,жаңатүйнектегенбірөзгеше гүлге
айналдырды. Өзін сиқыр жадымен қорқытқысы келген
сиқыршыларды иман ләззаты мен бақытқа бөлеген Хазі-
реті Мұса сияқты әрекет жасады. Оның бұл ерекше мінез-
құлқы алдында малғұн шайтан қызғаныш пен кегінен
шытынап белі сынды. Аллаһ Тағала былай бұйырады:
«
(Ей, Расулім!)
Сен кешірімшіл бол, (адамдарды)
туралыққа сілте, топастардан аулақ бол!»
(Ағраф, 199)