-173-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
отырып, жан тапсырғандарды сүйіншілейді де, марапат-
тайды.
Сол үшін деХазіреті Мәуләнә бұлжалғаннан құтылып,
мәңгі өмірге келуді, туылуды той кеші деп атайды.Өлең
жолдарында былай дейді:
«Өлген күнімде табытымды алып бара жатқанда,
менің мына дүниеде қалған арманым бар деп ойлама!»
«Мен үшін жылама, аһілеп-үһілеп, обал болды деме.
«Мені топыраққа көмгенде «қош-қош! (айрылдым-ай-
рылдым)» деме».
«Мазар перде ғой арғы жағында, жәннат бақыты
бар!»
«(Біліп алыңыз, мен,) өлі едім, тірілдім...
Көз жасы едім, күлімсіредім… Ғашық дариясына
сүңгідім, ақыры мәңгілік дәулетке жеттім…»
Бұл сөздер Хақ ғашығының қауышуды аңсау бары-
сында айтқан сөздері; екінші мағынасы – айрылу меке-
ні болған бұл жалған дүниеден бас тарту. Барлық пірлер,
салихтар мен ғашықтардың мына дүниедегі жағдайлары
әрқашан осындай. Хазіреті Һүда-и той кеші яғни Хаққа
қауышудың сағынышы ішінде бұл жалған дүниедегі
жырақтықтан былайша арызданады:
Жандарды сағыныш отымен өртейді,
Жырақтық, үһ? жырақтық, үһ ? жырақтық!
Дәмінен әлем безген
Жырақтық, үһ? жырақтық, үһ? жырақтық!
Соқыр қылады жылағаннан көздерді,
Һәм сарғайтады раушан жүздерді
Қараңғы етеді талай күндізді
Жырақтық, үһ? жырақтық, үһ? жырақтық!
Әрбір өмір саяхатшысының басына сөзсіз, келетін
өлім, ақыл иесі болған барлық тіршілік иелері шешімін
табуға мәжбүр болған бір жұмбақ.