Previous Page  178 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 178 / 278 Next Page
Page Background

-178-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

өмірінің қабір әлемінде де жалғасын табатындығын

төмендегідей суреттейді.

Өлім рахат, көктем өлкесіндей ғашыққа,

Көңілі әржерде пеш сияқты жылдар бойы түтейді.

Ақыры, самалды сауырағаштың түбіндегі қабірінде

Әр сахар раушан гүлденеді; әр түні бұлбұл сайрайды.

Тек осы күй жан-дүниенің жағдайына қарай деңгейін

табады. Ал бұл болса зікіруллаһ (Аллаһты зікір ету)

пен Оның нәтижесінде пайда болатын махаббатпен ғана

мүмкін. Әлемді сана-сезім, ақыл-ой, ар-ұждандағы

толқулар әрі имани шаттықтар бұрышынан бақылау,

иләһи махаббат көзілдірігімен тамашалау керек. Тәңір

нұрымен нұрланған жүректер басқа бір күйге енеді.

Оның нұрымен көретін көздер, еститін құлақтар өзгеше

тебіреністермен әсерленеді. Онымен әсерленіп, кеңейген

жүректер мен сана-сезімдер болмыстағы хикмет пен

ғибраттарға ашына болады.

Бақытты өлім – Иман және Құран нұрымен, сондай-

ақ, көңіл құзырымен өткен өмірдің сыйы.

Дүниені жаман істермен сұмдық сахнасына айнал-

дыру – өкінішті алданыш! Бірақ, өкінішпен көзден

аққан жас тамшыларымен кешірімділікке жету Ғаффар

(жарылқаушы) болған Раб Тағаланын адамға берген

үлкен сыйы!

Пенделік ақыл-оймен толығымен түсіну мүмкін

болмаған өлімнің ақиқатына жету – Пайғамбарлар мен

Әулиелердің үлгілі өмірлері мен олардың көңіл әлемінен

сыбаға алу арқылы ғана мүмкін болады. Олай болмаған

жағдайда, өлім-үрейлі бірпәлекеттіңалғашқыда, ащыбір

көрінісі… Себебі, барлық қарама-қайшылықтар сияқты

өлімнің де пенделік сана-сезім мен сипатына қарай бір-бі-

ріне теріс екі көрінісі бар.

Өлім мәселесі Пайғамбарлардың жол көрсетіп,

анықтама бергенімен ежелден бері адамзатты көп ойлан-