-181-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Өлместен бұрын өліңіз!»
деген сөздің сыры арқылы
фәни болмысымызда нәпсінің болымсыз, көріксіз хал-
дерін өз еркімізбен жою дәрежесіне жетіп, шикі адам-
нан кәміл, нағыз адам ерекшелігіне жету. Осындай ке-
мелділік дәрежесіне жеткен құлдың, Жаратушымен
арасындағы керіле тартылған ғапылдық пердесі ашы-
лады да жалған ләззаттар өз мәнін жоғалтады. Сөйтіп,
құл ғибадаттарында рухани рахаттықты, мәмілелерінде,
қарым-қатынастарында
нәзіктікті,
мінез-құлықты
да абзалдықты, ерекше болуды танытып, өмір сүреді.
Рухы әрдайым Раббысына жақындаудың мәңгілік дәмін
тата бас-тайды. Сондықтан да Хазіреті Мәуләнә Хаққа
жақындау ләззатының дәмін татпастан әуелгі өткен
дәуірін «шикі едім» сол дәмді татып, иләһи шаттыққа
бөленгеннен кейінгі дәуірін «пістім» әлемдегі сырлардың
көріністері өзіне бір кітап түрінде ашылып, аян болған
дәуірін де «күйдім» деп, танытқан. Сонымен қатар бұл
сөздер Аллаһқа жету жолындағы қайрат көрсетудің ба-
яндамасы болып табылады. Аллаһқа баратын жолдар
мәшһүр атау бойынша «мақлұқат алып-берген санын-
дай» болғанымен, «фақр мен фәна» жолы, бұлардың ең
әсерлісі. Фақрменфәна иләһи сүйіспеншілік нәтижесінде
«менмендік, тәкәппарлықтан» құтылу, Аллаһтан басқа
барлық нәрсені көзге ілмей, көңілден шығару деген сөз.
Ал, бұл Аллаһтың нұрында өзін жоғалта отырып, «
ُا
���ُ�
ُا
��ُ��َ�ْ
َاَن
�ْ�َ�
»
«Өлместен бұрын, өліңіз»
- сырының
көрінісіменөлімніңкөркемделуі,яғнимәңгілікқауышуға
айналуы. Бірақ бұл сырдың түбіне жету, іске асыру ба-
рысында әркімге қажет болған төмендегі негіздерге жан-
тәнімен көңіл аударып, орындаумен ғана мүмкін.
Тәубе
Күнә,қараңғылық,шәһуат,тәкаппарлық,әуесқойлық,
қызғаныш, сараңдық,ысырапетуменөкпелеу сияқтыжа-