Previous Page  176 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 278 Next Page
Page Background

-176-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

дүниең үркітетін қорқынышпен толы…» деп еңіреп

жылаған екен.

Бір сахаба Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Ақылды адам кім, ей, Аллаһтың елшісі?» - деп

сұрайды. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Өлімді көп ойлайтын әрі бүкіл ісімен оған дайында-

лып жүрген кісі. Міне, олар зерек адамдар!..»

(Ибни Мәжә,

Зуһд, 31)

деп жауап береді.

Нәпсісінен жеңілген ғапыл адамдардың үйлері бейне

тірі өліктердің жанұя қабірстаны сияқты. Өлім не ерте,

не кеш келетінін ойланбайды. Тек қана өз уақытында

келеді. Өлімнен қашып құтылғысы келетіндерге Құран

Кәрім былай дейді:

«Қай жерде болсаңдар да тіпті мықты биік қорғандар-

дың ішінде болсаңдар да, өлім сендерді тауып алады».

(Ниса, 78)

«

(Ей, Пайғамбарым!)

Оларға: «Өздерің қашып жүрген

өлімсендерге түбінде біркездеседі. Сонан соңқұпияныда,

әшкерені де білетінАллаһтыңалдынақайтарыласыңдар.

Ол істеген істеріңді өздеріңе баянда береді» деп айт».

(Жұма, 8)

Адам өз болмысымен барлық әлемнің жаратылу сы-

рын түсіне алмаса, бұл қаранғылығы оның түбіне жетеді.

Дүниеге келіп-кетуіне ой жібере алмаған адам, өз болмы-

сынан да бейхабар деген сөз! Адам – хикметсіз бір істен,

кездейсоқ бола қойған емес...

Құран Кәрімде «Аллаһ» деген ұлы сөзден кейін ең

көп аталған сөздердің біреуі-тақуа сөзі. Тақуа ішкі жан-

дүниенің қорғалуы, сақталуы, кісінің нәпсісі мен мен-

мендігіне үкім етуі. Адам рухының жоғарылай отырып,