-182-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ман бейімдерден пайда болады. Бұндай жаман қылықтар
– Жаратушы мен құл арасындағы кедергі. Құл ғапылдық
пердесін аша алса, істеген күнәсінің ауыртпалығын
ұжданында сезеді. Жүрегінде жасырын тұрған ізгі сезі-
мі оянады. Сөйтіп, жан-дүниесі үлкен өкінішпен іштей
өртеніп ыстық көз жастарымен Раббысын паналайды.
Міне, осы өртену мен өкіну – тәубе болып табылады. Бұл
- Раббысына бет бұрғандық. Сондай-ақ, тәубе еркіміз-
ден тыс қайту деген өлім келместен бұрын өз еркімізбен
Аллаһқа бет бұрып, қайтуды баяндайды. Тәубе – Аллаһ
пен құл арасындағы кедергілердің өкініш деген күшпен
жойылуы.
Тәубе – Аллаһқа бет бұруда қажетті нәрселердің
ең алғашқысы. Себебі күнәлар – жан-дүниенің
сезімталдығын азайтатын және оған ауыртпалық бере-
тін кедергі. Дәл жарқылдаған айнаның бетін шаң-тозаң
басып қалып, көріністердің бұлдырап тұруы сияқты.
Бұлдырап тұрған айнаның бетін таза шүберекпен тазалау
қалай қажет болса дәл солай Аллаһқа бет бұруда жан-
дүниенің де алдымен тәубе мен истиғфар арқылы рухани
кірлерден тазалануы қажет.
Сондықтан да сопылықтың барлық ағымдарында
(Нақшибәнди, Қадіри т.б. жолдар сияқты) зікір дәрісі
истиғфармен басталады. Бұл тап, кәлимә таухидтегі, «
�
»
«лә» нүктесіне ұқсайды. Яғни, әуелі мақсатқа жетуге ке-
дергі болған болымсызды өшіру керек. Осылайша іргені
негізгі мақсатқа ыңғайлы халге жеткізу қажет.
Дұғаның шын көңілмен жасалуы үшін истиғфар айту
жоғарыда айтылған себепке байланыстыбейнемәжбүрлік
ретін атқарылады.
Хазіреті Мәуләнә тәубе жайлы былай дейді:
«Өкініш отына толған көңілмен, сулы көздермен
тәубе ет. Өйткені, гүлдер күн көзі мен сулы жерлерде
өседі...»