Previous Page  188 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 278 Next Page
Page Background

-188-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

басқа көптеген нәпсінің қалауына бой алдырып қалады.

Аят кәримада:ُ

َاه

�َ�ُ �َ�َ�ِ

َا

�َ� �

ِ ا

�َ�َ �ْ�َ

اَرَا

«

(Ей, Пайғамбар!)

Өзінің көңілі тартқанын

(арман-

қалауын)

құдай қылып алғандарды көрдің бе?»

(Фұрқан,

43)

деп айтылған.

Руханиятқа толы жүректерде көркем мінез-құлық,

ізгі амал мен рухани ахуал өз орнын табады. Құл ең

көркем жаратылыс сипатына қол жеткізеді. Нәпсілік

бейімдерге, қалауларға толы жүректер болса, күпірлік,

серік қосу (пұтқа, отқа, әруаққа т.б нәрселерге табыну),

жаман мінез бен әдеттер, шәһуәт пен азғындық тамыр

байлап ол жүрекке үкімін жүргізе бастайды. Жараты-

лыс мақсатына кереғар түрде жүрек соқыр болады. Кей-

де басқа мақлұқтардан да, төменгі дәрежелерге түседі.

Нәпсісінен жеңілгендердің соңы жайлы шайыр Низами

былай суреттейді:

«Дүние ләззәттары – қотыр болған қолдың

қасынғанындай. Алдымен қасыну қош көрінсе де, кейін

қол ыстығы көтеріледі».

Рухани өмірдің маңыздылығы бойынша: «Өлместен

бұрын өліңдер!» пәрменімен өлімді көркемдеуді Жунейд

Бағдади былай түсіндіреді:

«Хақтың сені, өз болмысыңдағы менмендігіңді

өлтіріп, өзімен қайта тірілтуі».

Бет бұру

Аллаһтан басқасынан келетін, қызықтырғыш әр ал-

дамшы шақырудан ұзақ болу. Сондай-ақ, өлім – сол хал-

ге бару. Ізгі құлдың Раббысынан басқа шынайымағынада

қалауы да, досы да, басқа мақсаты да болмайды. Әрі