-193-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Әсілінде өлген, бірақ біз
(иманмен жүрегін)
тірілтіп,
оның адамдар арасында дұрыс жүруіне жарық берген бір
адам мен қараңғылықта
(күпірлікте)
қалып, одан шыға
алмаған адам ұқсас па?..»
(Әнғам, 122)
Осындай құл, дүниеде жүргенде, нәпсі сипаттардан
бас тартқандығы үшін жан дүниесі тірілгендерден болып
табылады. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) хадис шәрифте былай дейді.
«Мұсылман назарынан қорқыңдар! Себебі, ол
Аллаһтың нұрымен қарайды...»
(Жәмул фауаид 5, 329)
Бүкіл бұл баяндардың сөздердің барлығы «Өлместен
бұрын өліңдер!» деген мағынаның шындыққа айна-
луы үшін, рухани өмірде жүзеге асырылатын негіз-
дер. Айтылғандарды лайықты түрде орындауға тыры-
сатын мұсылмандар, күш-қайраты мен табандылық
көрсетулеріндегі байыптылық әрі бастарындағы иләһи
қорғау мөлшерінше бір нәтижеге жетеді. Расында,
ықыласты қайрат иләһи ілтипаттың да жәрдемімен
аңсаған арманға, бақытқа қол жеткізеді.
Дүние – алдамшы сағым. Ал ақырет болса, мәңгілік
өмір. Өлім – кісінің жеке қияметі. Өз қияметіміз кел-
мей тұрып оянайық та, өкінген қауымнан болып
қалмайық. Өйткені, әр фәнидің белгісіз бір уақыт пен
мекенде Әзірейілмен кездесетіні айғақ. Өлімнен қашып
құтылатын ешбір жер жоқ.
Олай болса адам баласы: «ِ
�
ا
�َ�ِ
وا ا
�
�ِ�َ�
» яғни, «(уақыт
өткізбей)
Аллаһқа жүгіріңдер...
(Зәрият, 50)
сырынан өз
үлесін алып, иләһи мархамәтті пана тұтуы қажет.
Егер құл, нәпсіге бой ұсына, тек дүниеге иман кел-
тірген сияқты өмір сүрсе, қабір оған қараңғы дәліз бо-
лып көрінеді. Өлімнің қорқынышы ешбір нәрсемен
салыстыруға келмейтін дәрежеде оны мазалайды.
Жағдай осылай болып, тұрғанда жоғарыда саналған не-
гіздерге көңіл аударып, орындаумен өз болмысынан,