-195-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ТҮНГІ СЫР
Аллаһ Тағаланың түнге бағыштаған қадір-қасиеті мен
оның ішіне орналастырған сан жетпес сырлары бар. Бұл
жайлы Раббымыздың:
«Түнмен және оның құшағына
алғандармен серт!»
(Иншиқақ, 17)
;
«Тым-тырыс кезде-
гі түнмен серт».
(Духа, 2)
Және:
«Қараңғылана бастаған
түнмен, қылақ бере бастаған таңмен серт!»
(Тәкуир, 17-18)
деп, ант етуіндегі сыр – сана-сезіміміз бен көңілімізге та-
лай ақиқаттарды тамаша қылдыру үшін ашқан иләһи те-
резесі.
Тағы да, төмендегі аятта:
«Түнді жамылғы еттік»
(Нәбә, 10)
,
деп, түннің бір
жамылғы болғандығы жайлы айтылуы ерекше ой жібе-
ретін құбылыс.
Шынында да, түн денсаулық, қоғамдық, әдептілік әрі
өнер ерекшеліктеріне толы әдемі бір жамылғы. Дүние
– ені-бойына қарай пішілген бір құдірет, тыныштық
пен нығмет киімі. Үйлену заңы жағынан да, бақыт
жамылғысы. Сонымен қатар, жұбайлар арасындағы
құпияны сақтайтын сыр пердесі. Сырттай не іштей жа-
сырын болғысы келетіндер үшін де паналайтын орын.
Сондықтан түн уақыты бір жағынан Аллаһ ғашықтарына
қауышу сәті болып жатса, екінші жағынан күнәһар мен