-200-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Әр түннің таңмен аяқталуы шынында да, бізді бо-
зарып ататын таңғы үмітке жетелейді. Жалған дүние
заңдылығы бойынша, күндізіміз түнге, түніміз күндізге
ауысып жатыр. Хақ ғашықтарының:
Күннің сәулесі өшті деп қайғы шекпе,
Мәнгілік жалғасады, әр түннің таңы бар!
деп, сайрауындағы жұбанышпен таңды күткенімізбен
қатар, «Қайсы бір күн, оның соңы кеш болмас!» хикметі-
мен түнмен жамыламыз.
Барлық түн мен күннің ауысуындағы ең маңызды
мақсат – жалпылама заң болып табылатын «Өмір екі
күндіз, бір түннен тұрады» ақиқатын іс жүзінде асыру
ләзім. Жалпы көзқарас бойынша, өмір, дүние күні мен
ақырет күні арасындағы өлім түнінен тұрады. Демек
дүние бір фәни күн, өлім уақытша бір түн, ал, ақырет –
мәңгі бақи ақиқат таңы.
Ұйқы заттық өмір мен рухани өмірдің қауышу нүктесі
болғаны секілді өлім де солай. Расулуллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) бір хадис шарифте:
«Қабір дүние аялдамасының соңғысы, ақырет
аялдамасының алғашқысы»
(Ахмет бин Ханбел, Мүснәд 1-63)
,
- дей келе қабірдің дүние мен ақырет ерекшеліктерін
жинаған бәрзах екендігін ескереді.
Құран Кәрімде ұйқыны өлім, оянуды болса, қиямет
таңында орнынан тұру ретінде былайша сүреттейді:
«Түнде сендерді өлтіретін
(өліктей ұйықтатқан)
,
күндіз не істегендеріңді білетін, содан кейін белгіленген
ажал тәмәмдалсын деп
(сол уақытқа дейін жасасын деп)
,
күндіз сендерді тірілтетін
(оятатын)
– Ол
(Аллаһ)
. Онаң
соң Аллаһтың алдына қайтып, барасыңдар, онан соң Ол
сендерге істеген істеріңді айтып береді».
(Әнғам, 60)
Расында да ұйқыға кіріскен кісінің денесіндегі табиғи
байланыстары жалғасын тауып жатқанымен көңілдік,