-205-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Түннің тыныш әрі әдемі көрінісінің тартымдылығы
мен сырлары, түнді құлшылық ете отырып, терең
ойға шомылып өткізгендерге тән. Осы сырға ие болған
құлдардың жан дүниелері ұлы ерекшеліктермен жер мен
көктей кеңейіп, талай иләһи көріністерге алаң болады да,
мағрифатуллаһ киіміне бүркенеді.
Хазіреті Хасан Басриден сұрады:
«Түнгі намаз оқығандардың жүздері неге әдемі, неге
нұрлы болады?»
Ол:
«Олар Рахман болған Аллаһпен оңаша қалған...» - деп,
жауап берді.
Осыоңаша қалудың арқасында ғашықтар түнніңқалай
өткендігін сезбей, керісінше, сағыныш пен махаббаттары
көбейіп, таңды атырады.
Хазіреті Уәйсәл Қарани (Ойсыл Қара) ешқандай
ұйықтамайтын. Түндерін үшке бөлген. Бір түнін қиям,
екінші түнін рүкуғ, үшінші түнін де сәжде етіп, таңды
атыратын.
Одан:
«Әй, Уәйсәл, түнді бір қал бойынша қалай өткізесің,
мысалы, сәждеде таң атқанша қалай тұра аласың?» - деп
сұралды.
Ол:
«Өздерің де білесіңдер ғой! Сәждеде үш рет «суб-
хана раббиал ағла» деп айту – сүннет. Мен әлі бір рет
айтқанымша таң атып кетеді!..» деген екен.
Қадірменді ұстазымыз Мұса мырза (құддисә сирруһ)
өзінің көркем жетекшісі, ұстазы болған Махмут Сами
Рамазанұлының мағрифәтуллаһ пен құлшылықжолында
үлгі аларлық жоғарғы дәрежедегі мінезі мен оның түнгі
уақыттарын қалай өткізетіндігін былай айтып беретін: