Previous Page  203 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 203 / 278 Next Page
Page Background

-203-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

істеуден Аллаһ тарапынан сақталынғанымен, Ол бер-

ген нығметтерге толығымен шүкір ете алмай жүрмін де-

ген үреймен түнде тұрып, аяқтары ісіп кеткенше намаз

оқитын. Сөйтіп, түнді қалай өткізу керек екендігі жай-

ында сахабаларына үлгі көрсететін. Сахабалар да іштей

қобалжып, оның істегендерін орындауға тырысатын.

Хазіреті

Айша

анамыз

(радиаллаһу

анһа)

Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сұрайды.

–Ей,Расулаллаһ,АллаһТағалаФатих(жеңіс)сүресінде

сізді бастан аяқ кешіріп, бағыштағанын хабарлайды. Со-

лай бола тұра не үшін осыншама шаршайсыз?

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

Шүкір етуші құл болмаймын ба!

?

(Жәмүл Фәуә-ид 1-330)

- деп жауап береді.

Басқа хадис шәрифтерінде де, былай бұйырған:

«Кәлимәтаухидпен имандарыңдыжаңалаңдар».

(Фәза-

или амал, 475; Ахмәд бин Ханбәл; Тәбарани)

«Әрбір құл қандай ахуалда өлген болса, сол күйінде ті-

рілтіледі».

(Муслим, Жәннат, 83)

Демек, калай өмір сүрсек, солай өлеміз. Сондықтан,

сәресі уақытында бастайтын таухидтің руханияты

күндеріміз бен көңілдерімізді жандандырып, баурап

алса, ең соңғы деміміз, яғни дүниемен болатын үлкен

қоштасуда кәлимә таухидтің руханиятымен, иншаллаһ

той кешіне айналар. Сәресі уақыттарында айтылған

салауаттардың қадір-қасиеті өте үлкен. Салауат –

Расулуллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген ма-

хаббат пен құрметтілікке, әрі шаттығуға дәнекер. Хақ

Тағала сүйікті пайғамбарына құрмет көрсете отырып жан

дүниеміздің Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм) мейірім-шапағатымен толып тасуы үшін

мойнымыздағы міндетімізді төмендегі аятта бұйырады: