-206-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«Қадірменді ұстазымыз Хазіреті Махмут Сами
Рамазанұлы (құддисә сирруһ) жайдары болғанымен терең
көңілі жабырқап, іштей көз жасын төгетін. Мұсылман
үмметінің
залымдардың
зорлық-зомбылықтарынан
құтылулары үшін жан-дүниесімен егіліп жылайтын.
Күнәһарлардың жарылқанып, құтылулары үшін көз жа-
сын бейне ішке төгетін. Құран Кәрім оқылғанда, жан-
тәнімен тыңдайтын да, кейде көз жасы нұрлы жүзінен
моншақтап төгілетін. Әсіресе Қажылық кезінде Мәдинә
Мунәууара мен Мекке Мукәррәмға бара жатқанда көлік
ішінде, достары ұйықтап жатқанда ай сәулесі астында
көздерінен інжу-маржан тастары секілді дана - дана жас
ағатыны байқалатын. Бейнелеп түсіндіру мүмкіншілігі
болмаған бұл иләһи көрініс шешен ақындар мен жазушы-
лар сүреттей алмайтындай керемет еді».
Осы көріністерді жеткізген Мұса (құддисә сирруһ)
Хазретінің өзі де дәл осындай халде еді. Әсіресе, түнгі
құлшылықтарға деген ынтығы ғашықтың сүйгенімен
кездесу сәтіне деген асығуы, сағынышы мен толқуының
түсіндіруге сөз жетпес көрінісі ішінде болатын.
Денсаулығы нашарлап ауырып қалған кезде де, осы ха-
лін сақтайтын, сөйтіп, үнемі иләһи сүйіспеншіліктің
шыңында болатын. Сондай-ақ көзіне операция жасалып,
наркоздан енді оянғанда, айналасындағылардан алғашқы
сұрағаны:
– Сағат қанша болды? болды. Оған:
– Тақсыр! Сағат үш болып қалды, - дегенде:
«Түнгі құлшылық өте маңызды, қалдыруға болмай-
ды!» - деп жанындағылардың жәрдемімен тәйәммум
алып, ауруына қарамастан, оны ұмытып, көңілін Раббы-
сына сөз жетпейтін рухани ләззәт ішінде беріп, ишарамен
екі рәкәт тәһәжжуд намазын оқып болған соң күнде істеп
жүрген зікірін айтып тәспілерін тартқан еді. Бұл халімен
бейне біздерге: