-212-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
«...Олардың дүние тірлігіндегі ризықтарын біз бөліп,
бердік. Бірін-бірі басқарып бағындырсын деп, біреуінен
біреуінің дәрежесін артық қылдық.
(Бірақ)
, Олардың
жиған-тергендерінен Раббыңның рахметі хайырлы».
(Зұхруф, 32)
Сырларға, даналық пен құдіретке толы бұл ғаламдағы
ризықтың бөлінуі ең салтанатты құдірет белгілерінің
бірі болып табылады. Ауада қалқып ұшқан, құрлықта
жүрген, теңізде жүзіп жүрген барлық мақұлұқатқа әр
сәтте бір-бірінен бөлек дастархан дайындалуда. Бірінің
азығымен басқасы ризықтанып, өмір сүре алмайды.
Яғни, аспандағы, жердегі, судағы жануарлардың азық-
түліктері өздерінің мекендеген жерлеріне байланысты
бөлек-бөлек және ғаламдағы сан жетпес мақлұқаттай
ризықтарының да бөлек-бөлек бөлінуі ақыл иелері үшін
қандай үлкен ғибрат, даналық құдірет пен салтанат.
Аят кәримада айтылады:
«Аллаһтың расында қалаған адамның ризығын
молықтырып та,
(қалаған адамның ризығын)
тапшы
қылып та қойатынын олар білмей ме? Имандылар үшін
осының өзінде ғибраттар бар».
(Зүмәр, 52)
Бұл шындыққа орай Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) былай дейді:
«Сендерден біреулерің өзінен дүние-мүлік және жара-
тылыс жағынан жоғары біреуді көргенде өзінен төмен
адамға қарасын. Осылай істеу Аллаһтың сендерге бер-
ген нығметін төмен санамауыңыз үшін қажет».
(Бұхари,
Риқақ, 30; Мүслим, Зуһд, 8)
Сондықтан да, өміріміздің қуанышы, бақыты бізге
берілген ризық-несібенің қайырлы болғандығына сенім
артып, ғұмыр кешуімізге байланысты. Азап беретін,
қайғылы болып көрінетін көптеген оқиғалар бар. Бірақ,
соңысыйболыпкөріністабады.Дәл, соңыжәннатболатын