Previous Page  217 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 217 / 278 Next Page
Page Background

-217-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

–Қойыңды қайтып ал, себебі шөп жемейді - деді.

Тустери Хазреті:

–Шөп жемейтінін қайдан шығардың? - деп, сұрағанда,

адам:

–Оны бір егінге жайылуға алып барып едім. Аузын

ашып, бірде-бір рет дәм татпады - деді.

Сонда Хазіреті Тустери оған:

–Ей, мырза жаңылыс істепсің! Біліп ал, кісінің еккен

егінінжеу біздің қойларымыздың әдеті емес. Адал тапқан

ақшаңа сатып алған шөпті бер! - деді.

Әлгі кісі барып, айтқанындай істеп еді, қой шөп

жей бастайды. Демек, өз заманында мұсылмандардың

адал азық мәселесіне аударған көңілдері иелігіндегі

малдарының өзіне де әсері тиген.

Ризықтың адалын таңдау – өмірдің нұры, көңілдің

қуанышы, құлшылықтың рухы әрі жүректің қалб-и

сәлиммен жетуінің ең басты шарты.

Харам ризықтар өмірдің зәрлері жан-дүниенің

күйреуімен өкініштерге апарып соғады. Екі дүниеде

масқаралық, абыройсыздық пен пәлекеттер харам

ризықтардың қаһарға толы.

Адал дүние-мүлік пен адал азық Аллаһ Тағаланың

ризалығын табуға дәнекер болады. Харам араласқан

дүние-мүлік пен азық болса, иесі үшін орны толмас

өкінішті адасушылық. Аллаһқа арналатын жүректі

дүние-мүлік пен бала-шаға сүйіспеншілігі жаулап алса,

соңы жақсылық болмайды. Хазіреті Мәуләнә мұны

төмендегі мысалмен түсіндіреді.

«Су кеменің ішіне кірсе кемені батырады. Ал, Су кеме-

нің астында болса, кемені қалқытып жүздіреді».

«Мал-мүліккедегенсүйіспеншіліктікөңілденшығарып

тастағаны үшін Хазіреті Сүлеймен (аләйһиссәләм):