-223-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
ЖАНҰЯ
Хақ Тағала Уахданиятті (біреу ғана болуды) тек өзіне
арнап, барлық мақұлықты жұп етіп жаратқан. Сол
жұп болып, жаратқандарының арасына тартымдылық,
құмарту заңын қойып, заттық не рухани кемелденуді бір-
бірлерімен бірігіп, бүтіндей болуға байлаған. Ешқандай
күмән жоқ, тірі мақұлықтың ең ұлысы, үстемі, ерек-
шелігі болған адамзаттың жаратылысындағы махаббат
бейімі иләһи махаббатқа көтерілудің алғашқы сатысы.
Сол себептен, Аллаһ Тағала берген бұл ұлы мәртебенің
қорғалуы, адам нәсілінің пәк, тап-таза әрі мүбарак халде
жалғасуы үшін жанұялық өмірді зәру еткен, сондай-ақ
некені бұйырған.
Неке – ең әдемі кейіпте жаралған адамға адамзаттық
қадір-қасиетін, абыройын қорғау мәселесінде рухани
қорғаныс болып тұр. Неке қию жанұя-құрудың ең негізгі
шарты, яғни ірге тасы.
Неке – әйел үшін әйелдік сезім мен қабілеттіліктің, әрі
әйелдік ерекшеліктің ер кісіге арналуы. Бұл да – әйелдің
салмақты, көрнектілігі мен абыройының иләһи түрде
қорғалуы. Еркек үшін неке оны нәпсінің құрған тұзағына
түсуден құтқаратын және оған намысты, байсалды түрде
жанұя өмірін кешкізетін бір ұлы арна.
Неке – рухқа беретін тыныштық, рахаттықпен бір-
ге тәннің жүйелі болуына бірден-бір себепкер. Мінез-