-226-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
жақсылықтардың сауабы үйленуге дәнекер болғанға да
тиеді».
Сонымен қатар, отаудың құрылу барысында істеліне-
тін әр түрлі рәсімдерге өте кішіпейілділік көрсету және
ысырапқа жол бермеу қажет. Шариғатқа сәйкес келмей-
тін көптеген теріс іс-әрекеттермен, әдет-ғұрыптармен
осы қасиетті іске жаман бір бастама жасау – өкініш есі-
гін қағу болып саналады. Тек ұлы жаратушы иеміздің
үкімдеріне бой ұсынып, әдептілік қағидаларына сәйкес
өтетін неке рәсімі мен той – мүбарак әрі дұғалар, тілек-
тер қабылданатын жерлердің бірі. Қысқасы, үйлену
– исламның ерекше көңіл бөлген заттық не рухани тұсы
бар ұлы мекемесі. Сол себептен, бұл ұлы мекеменің
құрылуында айрықша көңіл аударып, өте мұқият болу
керек. Олай болмаған жағдайда, отау құруды жай ғана
бірге болу деп, көріп құрылған жанұялар, арш-ы аланы
дірілдететін оқиғалар деп танытылған – ажырасулар-
мен тарқап, жаман нәтиже табады. Аллаһтың Елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырады:
«Үйленіңіздер ажыраспаңыздар! Өйткені, ажыра-
судың әсерінен арш-ы ала дірілдейді...
»
(Мұхтарул-Ахадисин-
Нәбәуия, 228)
Әсіресе ойын-сауық болсын деп жайдан-жай әйелін
талақ етіп, ажырасу – есебі ауыр, азабы үлкен кінә әрі
зұлымдық. Бұл даАллаһтың ешуақытта кешірмейтін құл
ақысын арқалап, құрдым мен азапқа қарай, ғапылдыққа
толы қадаммен жүру болып табылады.
Әйел мен еркек ақылары
Адамның хақиқи тұлғасы мен бейнесі ең анық сурет-
те жанұяда көрініс табады. Бұл жанұяда ихсан
*
сезімде-
1. Ихсан: Құлдың Аллаһ Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық ету
сезімі, мәртебесі