-229-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Құтпасының бір бөлігінде былай бұйырған.
«Ей,адамдар,әйелдердіңақыларынакөңілаударыңдар!
Оларға мейірім-шапағатпен, сүйіспеншілікпен қараңдар.
Олар жайында Аллаһтан қорқуларыңды өсиет етемін.
Сендер әйелдерді Аллаһтың аманаты ретінде алдыңдар.
Олардың ар-намыстарын Аллаһ атымен уәде беріп,
өздеріңе халал (адал) қылдыңдар!»
(Сахих Бұхари Мұхтасары,
Х, 398)
Сондықтан,
әйелдердің
үй
жұмыстарын
ұйымдастырып, адал, салиқалы нәсіл тәрбиелеу жолын-
да балаларының әдебімен айналысуларының орнына,
әйелдік абырой-қасиеттері мен ерекше жаратылыстары-
на теріс істерге бағытталуы ақылға, қисынға әрі иманға
қонымсыз. Өйткені, жанұядағы тыныштық пен бақытқа
жету – еркек пен әйелдегі қабілеттердің орны-орнымен
қолданылып, қорғалуында.
Әйел адамның кәмілдігі мен абыройы, Аллаһ Тағала
берген әдемі де күшті қабілеттерді қорғаумен пайда бо-
лады. Егер, әйел кісі өз қасиеті мен абыройын иләһи жо-
спар мен тағайындауға теріс бағыттап, өз ақиқатынан
айрылып қалса, құнын жоғалтады да, тынышсыз әрі
бейбақ болады. Жанұя ошағын өшіріп, құртады. Сөйтіп,
қоғамдық өмірдің берекесі кетеді. Осы ғасырда әйелдер
мен еркектер өз араларында теңдіқ жарысына ұрынды.
Жаратылыстағы қасиеттерге теріс болған бәсеке әйелдің
салмақтылығы мен аналық қасиеттерін әлсіретуде әрі
жанұяны жаралауда. Сонымен қатар, күніміздегі бала
алдыру (аборт) ісі-қараңғы жәһилие дәуіріндегі қыз ба-
лаларды тірідей көміп - тастаудың жаңартылған (модерн)
түрі болып, ғасырдың қылмысы. Бұл ғасырдың шаршап,
шалдыққан әйел мен қараңғы кезеннің әйелі арасындағы
айырмашылық – тек киімдерінде ғана. Бұл болса, рухсыз
материалист тәлім-тәрбие іске асырған, қоғамды өлтіру