-235-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Балаларын жақсылап тәрбиелегендерге хадис шәрифте
де сүйінші береді. Жақсы баланың садақа жәрия, яғни
үзілмез сауап бұлағы екендігі баяндалған. Әсіресе, қыз ба-
лаларына ерекше көңіл аудару зәру. Себебі, олар ертеңгі
күнгі жанұялардың ірге тасы. Аллаһ Расулі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) айтқан:
«Кімде-кім үш қыз тәрбиелеп өсірсе, тұрмысқа беріп,
оларға деген жақсылығын жалғастырса, оған жәннат
бұйырады».
(Ихья-и Ұлумид-Дин ІІ-87)
Осы сүйіншілерге көңіл аударып, құлақ аспаған әке-
шеше дүниенің ләззәтінан шыға алмаған, бала тәттілігін
түсінбеген, үйленудің ұлы мақсатынан алыс қалған,
нәпсі ләззәтының шекарасынан аса алмағандар, жалқау,
тас жүрек, әрі қараңғы адамдар.
Әке-шешелері олардан бас тартқанда, бүгінгі таңда
өмір сүруі екіталай екендігін, әр түрлі жақсылықтардан
мақұрым қалатындықтарын ойлаулары тиіс. Балалары-
на мейірім-шапағатын төккен жабайы хайуандарға назар
аударып, қараса ғибрат алып, өздерінің дәрежелерін білу
үшін жеткілікті болар еді.
Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) әкелген діндегі бақытты жанұя ішінде балалар
өз еркімен, бос жіберілмеген. Ислам оларды Аллаһтың
ризашылығын табу, әкенің разы болуында және жәннат
аналардың аяқтарының астында екендігін баяндап,
бағыттаған, сондай-ақ, жанұяға ұлы қасиеттермен бай-
лап қойған. Әсіресе, үстінде көп тоқталынған әке-шеше
ақысы – балаларға ықпал көрсететін ең маңызды есеп.
Хақ Тағала былай бұйырады:
«Раббың басқаға емес, тек өзіне ғана құлшылық
етулеріңді және әке-шешелеріңе жақсылық істеулеріңді
нақты түрде бұйырды. Олардың біреуі немесе екеуі де өз
қасыңда қартайса, оларға «ей!» деп те айтпа
(кейіме)
. Ол
екеуіне зекірме әрі сыпайы сөйле!..»