Previous Page  239 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 239 / 278 Next Page
Page Background

-239-

"ХИКМЕТ"

баспа үйі

құдірет қолымен егілген, қасиетті тұқымдар болғаны

соншалық, бұл тұқымдар бүршік атып, көктемнің алу-

ан түрлі реңі мен көркемдігін жайнатуы үшін имани

әрі Құран нәрді күтеді. Топырақ қаншалықты құнарлы

болғанымен, оның мол жеміс беруі үшін берекелі

жаңбырлар қажет. Адам баласының да пайдалы болуы,

оның рухани тәрбиесіндегі иләһи нәрдің күші мен береке-

сіне байланысты. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм):

«Балаларыңыз жеті жасқа келгенде, оны намазға

үйретіңіздер...»

(Әбу Дәуіт, Намаз, 26)

дей отырып, діни

тәрбиенің өте ерте берілуі қажет екендігін көрсеткен. Се-

бебі, кішкентайбалаларғашынайыүйретілгеннәрсе тасқа

ойылып жазылған жазу секілді. Иман мен сүйіспеншілік

оның жүрегіне лайықты түрде енсе, мұнысы өмір бақи

жалғасады.

Аллаһ (жәллә жәләлуһу) адам баласының ой-санасын,

түсінігін тек бір-біріне қарама қайшы жолдар арқылы

ғана ақиқатқа жететін сипатта жаратқан. Сол себептен,

бұл әлемде қарама-қайшылығы болмаған нәрсе адам

баласының ақылына сыймайды. Расында, жақсылықты

жамандықпен,

әдемілікті

көріксіздікпен,

түзуді

қисықпен, нұрды зұлұматпен түсіне аламыз. Иманның

ұлылығын күпірліктің төменділігімен ғана аңғарамыз.

Қысқасы, бұл ұғымдар және де күллі басқа нәрселер

ыяғый да қарама-қайшылықтарымен бар болады.

Бүкіл адамзаттың иман мен күпірлік арасындағы

көрінісі Аллаһ Тағаланың Һәди, яғни тура жолға баста-

ушы және осының қарама-қайшысы мүдил, яғни ада-

стырушы сипаттары арасында көрінеді. Жер бетінің

нұр мен зұлмат ағынында (сквознияк) қалуы, өмірдегі

оқиғалардың бір-біріне қарама-қайшы болған «нұр мен

зұлмат» жағдайы бойынша талқыланып, бағалануының

себебі.