Previous Page  241 / 278 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 241 / 278 Next Page
Page Background

-241-

"ХИКМЕТ"

баспа үйіْ

اَو

�َ�ِ�َ

ن

�ُ�ِ�ْ�َ� ٌ

ب

�ُ�ُ�ْ �ُ�َ�َ

ن

�ُ�َ�َ�ِ

َرْض

ا

�ِ�

ُوا

��ِ�َ�ْ �َ�َ�َ

ا

�َ�ْ�َ�ْ �ِ�َ�َ

ر ُو

�َ�ْ�َ�

ا

�َ�ْ�َ� َ� �َ� �

ِء

�َ� �َ�ِ�َ

ن

�ُ�َ�ْ�َ�ٌ

ِ آذَان

ُور

� �

��

ا

�ِ� �ِ��

ب ُا

�ُ�ُ�ْ�

ا

«Ей, сүйікті пайғамбарым! Саған қарсылық білдір-

гендер жер жүзінде кезіп, жүрмеді ме? Егер, олар кезген-

де әлбетте, түсінер жүректері, естір құлақтары болар еді.

Бірақ, шындығында көздер соқыр емес, көкіректегі көңіл

соқыр».

(Хаж, 46)

Сөзбен құралған әлем болған Құран Кәрім ғапыл

көңілдерге былай дейді:

�َ�ُ��َ�ْ�َ

ُب ٍا

��ُ� �َ�َ�ْ

ْآن َاَم

�ُ�ْ�

ُون َا

� �

�َ�َ�َ�َ �َ�َ

ا

«Олар, Құранға ой жүгіртпей ме? Әлде олардың

жүректері құлыптаулы ма?»

(Мұхаммед, 24)

Ғалам мен Құран беттерін оқи алғандар түсініктері,

жүректерін тазалаулары мен нәпсілерін тәрбиелеудегі та-

быстары бойынша рухани коректеніп, Аллаһ Тағаланың

ішкі не сыртқы әлемдегі көріністерімен нұрға қарық бо-

лады. Өкінішке орай адамзат қараңғылығының кесірі-

нен пайғамбарлармен басталынған нұрлы дәуір, әр түрлі

надандық, мүдде мен көр-соқыр фәлсәфәлармен қара дақ

баса отырып, иләһи ақиқаттардан мақұрым қалған. Тақ,

бақ, байлық, мәртебе сияқты өткінші нәрселерге бой ал-

дырып, Аллаһтың нұрынан алыс болғандықтарынан ой-

пікірлері әбден уланып қалған.

Құран Кәрім бізге аспан мен жердің, барлық нәрсенің

жаратушысын таныстырған, сонымен қатар, нұр мен

зұлмат оқиғаларына назарымызды тартқан.

Ішкі және сыртқы әлемге тән нұрлар, ғибрат, даналық

пен иләһи сырлармен Құранның мұғжизауи баянындағы

көркемдіктен артық, жоғары нұр әрі, дәлел жоқ.