-246-
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
сәлләм) бір хадисінде балаларын осылай тәрбиелеген ата-
ананы былайша қуандырады:
«Құран Кәрімді оқыған кісінің қияметте ата-ана-
сына нұрдан тәж кигізіледі. Нұрдан киімдер кигізіліп,
жәннат пырақтарына мінгізіледі. Олардың айналасын-
да періштелер айналып жүреді де, оларды жәннатқа
қарай жібереді. Оларға төмендегідей дауыс естіледі:
«Бұлар дүниеде ұл-қыздарына Құран Кәрімді оқуды
үйреткен, үйренулері үшін жан-тәнімен күш жұмсаған
ата-аналар».
(Әбу Дәуіт І, 355)
Адамның жаратылысында балаларға деген махаббат
бар. Сондықтан, әрбір адам ұлды-қызды болсам дейді.
Алайда, оларға берілетін әдемі бағыт көрсетудегі жауап-
кершілікті жақсылап ойланса, төбе шашы тік тұрмайтын
адам болмаса керек. Сонымен қатар, ұл-қызды жақсы
бағытаудағы жетістік адамзаттың жаратылуына негіз-
гі себеп болған «Жартушысына құлшылық етіп, Оны
ұлықтау» деген мақсатқа байланысты болғандықтан
бұдан артық, құн жетпес табыс болмаса керек. Бала-
шағаны бағу, оларды рухани тәрбиелеудегі кездесетін
қиыншылықтар ата-ананың күнәларының кешірілуіне
себепші болып табылады. Бұл садақа беруден де абзал.
Рухани, діни тәрбие алған ізгі ұл-қыздар, қияметтің
қорқынышты күнінде ата-ана мен тозақ арасында перде
болады.
Ұл-қыздарымызбайлықтыңеңқадірлісі,Раббымыздың
бізге берген ең үлкен сыйы.
Хайуанаттар тіпті өсімдіктердің ұрпақтарын әр түрлі
қиыншылықтардан жан-тәнімен қорғап жатқанына
қарағанда ең әдемі кейіпте жаралған және ғаламның ең
ұлы болмысы болып есептелетін, адамзат өз нәсілдерін
қорғаштамауы, яғни рухани байлықтар мен Құран
Кәрімді үйретпеуі, тәрбиелемеуі өте аянышты жағдай.
Әке-шешенің негізгі міндеті оларды мөлшерден тыс